Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады



Дата23.02.2023
өлшемі15,86 Kb.
#169898
Байланысты:
Зал мерекеге сай безендірілген

    Бұл бет үшін навигация:
  • Жаңа

Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2-жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1-жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметі халайық! Бүгінгі жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2- жүргізуші;
Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
Құрметті жамағат “Жақсы сөз- жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді «Шетпе лицейі» КММ – нің директоры Буданбаева Уразбиби Кудайбергеновнаға береміз.
2- жүргізуші:
Ортаға...біреу үшін оңбай таяқ житін, біреу үшін сөз еститін, қонақ келсе бірінші боп қарсы алатын, жұмыс рөлін басқаратын лицей әкімшілігін ду қол шапалақпен ортамызға шақырайық! 
Ойын:
1-жүргізуші:
Аппақ бүгін қыр, далам, 
Ақ мақтаны жапқандай! 
Бүкіл әлем – бір ғалам, 
Қонақ күтіп жатқандай.
2-жүргізуші:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде - әр қылық. 
Кетер жылға мың алғыс,
Әкелген көп жақсылық. 
1-жүргізуші:
Әріптестер, білесіздер ме, біз негізі ерекше жаратылыс иесіміз. Айтыңыздаршы, кім таңғы ас ішпей жүріп бүкіл тірлікті тиянақты етіп істей алады? 
- Кім жұмыс уақыты басталмаса да жұмысқа ерте бара алады? 
- Кім түскі үзіліс, демалыссыз жұмыс істей алады? 
- Кім түн ортасы жұрт ұйқада жатқанда компьютерге телміріп қарап отыра алады? 
- Ал кім өзіне өзі сұрақ қойып, өзі жауап бере алады? 
- Кім бір уақытта 30 адамның сұрағына 30 түрлі жауап тауып бере алады? 
- Кім керек емес қағаздарды үнемі көтеріп жүре алады? 
- Кім бүкіл бір ауылды таниды айтыңыздаршы, кім?! 
Әрине, тек қана біздер, мұғалімдер!!! 
2-жүргізуші:
Біздің жасаған жұмысты ешкім жасай алмайды, сондықтан біз ерекше жандармыз! Өзімізге құрмет көрсетіп, шапалақ соғып қояйық!
Сұрақтар:
Келесі құттықтау сөз кезегі ________________________________ беріледі.
1-жүргізуші: Ал, енді кішігірім ойын ойнап жіберсек...
Келесі құттықтау сөз кезегі ________________________________ беріледі.
Ойын:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет