100
екенін көрсетеді. Бұл бізге залымдардың
музыканы
адамдардың
сана
сезім,
психологиясымен
жұмыс
жасауда
қолданатындыңын аңғартады. Сол себепті
дініміз музыкаға қатаң тыйым салғаны белгілі.
Себебі бұл сананы улаудың басты құралы.
Сана улануы қаншалықты қауіпті? Санасы
уланған
жастардың
болашаққа
деген
ұмтылысы мен өзін тануға, Раббысын тануға
деген құлшынысы күрт жоғалады. Сөйтіп
адам меңіреу күйде, өзіне көрсетілген бағытқа
қарай соқыр сеніммен жүре береді. Ондай
адам Алладан бет бұрып, тек көңіл қалауымен
жүретін болады. Ал Раббысынан бет бұрып,
күнәсіне кешірім тілеп, тәубеге келмеген
жанның жүрегі мөрленіп, оған ешбір аят та
насихат та әсерсіз болып қалмақ. Және олай
өмірден өткен адамның барар жені Алланың
қаһары болған тозақ екені анық. Міне бұл
шайтанның Аллаға берген уәдесі болатын.
Не себепті Шайтан адамзаттың жауы?
101
Бұған себеп оның адамға бас имей,
Раббысына қарсы шығуы.
Шайтан біріншіден
періште
деңгейіне
жетіп
әрі
оттан
жаратылғандығын алға тарта отырып, Адамға
(а.с.) сәжде етуден бас тартып, Алла
Тағаланың құзырынан қуылды және қияметке
дейін
лағынетке
ұшырады.
Осыған
байланысты Құранда бірқатар аяттар бар.
Олардың
бәріне
жеке-жеке
тоқталып
жатпастан, тек мына төмендегі аятқа назар
салсақ: «(Алла Ібіліске) Саған, Мен әмір
еткенде сені сәжде етуден не тыйды? - деді.
Ол: Мен одан артықпын. Мені оттан
жаратып, оны балшықтан жараттың, - деді.
Сонда Алла Ібіліске: «Сен бұл жерден
(жұмақтан) шық! Бұл жерде сен өзіңді астам
ұстауыңа болмайды. Дереу шық, қор
болушылардансың»,- деді» (7.Ағраф, 12-13).
Иә, шайтан оттан жаралғаны жайлы
жеткілікті хадстер мен аяттар бар. Және оның
әуелгі адамдардан бастап қазіргі күнге дейін
102
адамдарды отқа (тозаққа) түсіп кетулері үшін
барынша азғырып, азғын істерге, Алланың
ашуын тудыратын күнәлі істерді жасатуға
барын салуда. Шайтанның бұл жұмысында
көмекшілері бар. Олар адамдар мен жындар.
Қазіргі таңда эстрада жұлдыздарының басым
көпшілігі бұл жолда жұмыс жасауда деп дөп
басып айта аламыз.
103
Үлкен сахналарда от шашу, түрлі қызыл
отқа оранған сахналар, әншілердің ән
сөздерінде «біз отта жанамыз», «біз тозаққа
түсеміз» деген тіркестерді қолданулары
түсінетін адамға бұлардың кімге жұмыс жасап
жатқандарын аңғара алуына жеткілікті.
Негізінде, шайтан Адамның (а.с.) өзінен
екі саты (Біріншіден, Алланың адам жер
бетіндегі халифасы болса, екіншіден, адам
Алла тарапынан берілген рух иесі) жоғары
екендігін місе тұтпай, тәкаппарлыққа бой ал-
дырды. Осыдан келіп, ол Адам атаны (а.с.)
тануда өрескел қателік жасап, нәпсісіне ерді.
Шайтанның бұл қателігі оның тағдырының
түбегейлі өзгеруіне әкеп соқтырғаны белгілі.
Қайтар жолдың жоқ екендігін түсінген
шайтанның, өзінің қуылуына себеп болған
адам баласына деген өкпесі қара қазандай еді.
Оған төмендегі аят жолдары ап-айқын
дәлел бола алады: «Қайта тірілетін күнге дейін
104
мұрсат бер деді. (Алла): Шынында мұрсат
берілгендерденсің деді. (Ібіліс): Ендеше мені
қаңғыртқаның үшін, әлбетте, мен де оларға
қарсы Сенің тура жолыңа көлденең тұрамын
деді. Сонан соң оларға алды-артынан, оң-
солынан келемін де олардың көбін, шүкір
ететіндерден емес екенін көзіңмен көресің
деді» (7.Ағраф, 14-17).
Әлемде көптеген түрлі құпия ұйымдар
бар. «Жылан бауырластығы», «айдаһар
бауырластығы», «иллюминати», «масондар»
деп аталатын адамзат баласына өте қауіпті
ұйымдар. Тарихшылар әлі күнге дейін
олардың
қайсысы
қайдан
шыққанын
анықтауға тырысуда. Бірақ олар өздерінің
105
құпиялықтарымен
тарихшыларды
тек
шатастырады.
Неліктен?
Архондардың
(өздерін құпия әлем билеушілері деп атайды)
мақсаты - бәрін араластыру және шатастыру,
Адамдардың сана сезімін жетік меңгеріп, ми
талшықтарына өз бағдарламаларын түрлі
арналар мен музыка арқылы орналастырады.
Бүгінгі таңда адамдар оны болжап, осы құпия
қоғамдардың шын мәніне жету үшін тырысып
бағуда. Тіпті түрлі құпияларын ашып та
жатыр. Құпия қоғамдардың басым көпшілігі -
бұл адамдардың ақыл-есін кемітіп, санасын
әлсіретіп, мақсаттары мен ұмтылыстары жоқ
қойдың отарындай қоғам дайындау. Бұндай
қоғам кез келген басшыға, оның қандай залым
екеніне қарамастан еріп кете береді. Міне,
жылдар
бойы
теледидардағы
түрлі
бағдарламалар бізге осы идеологияны сіңіріп
келеді. Бұған дәлел адамдардың ұятының
азаюы мен аяушылық сезімінің жоғалып,
намыссыздық пен ашкөздікке бағытталып
бара жатуында.
|