Заман шындығЫ


тәжірибесі бар ұшқыштың да бұл жерде  ұшақты игере алмай қалуының сыры неде?  ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАН РЕЙС 19 ҰШАҒЫ



Pdf көрінісі
бет5/35
Дата05.09.2024
өлшемі11,15 Mb.
#203879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Заман шындығы

23
тәжірибесі бар ұшқыштың да бұл жерде 
ұшақты игере алмай қалуының сыры неде? 
ІЗ-ТҮССІЗ ЖОҒАЛҒАН РЕЙС 19 ҰШАҒЫ 
 
1945 жыл 5 желтоқсан. Ауа райы керемет. 
Ұшақтардың сапарға аттануға еш кедергі жоқ. 
Түс 
ауа 
Майами 
маңындағы 
Форт 
Лодердейлдегі әскери базада бес ұшақтан 
тұратын АҚШ Әскери-теңіз күштерінің әуе 
буыны ұшып кетті.Әдеттегі жаттығу рейсі. 
Тәжірибелі нұсқаушының басшылығымен 
курсанттар тобы ұшу даярлығы шеңберінде 
үлгілік тапсырманы орындауға шықты. 
Жаттығу тәжірибелі ұшқыш Чарльз Тей-
лордың басшылығымен өтті. Бұл лейтенант өз 
тәжірибесінде екі жарым мың сағаттан астам 
уақыт ұшақта болған.Өте тәжірибелі ұшқыш. 
Қалған ұшқыштардың мұндай қатты тәжіри- 
есі жоқ. Алайда олар да кемінде үш жүз 
сағатты ауада өткізген ұшқыштар. Бір ұшақты 
қоспаруско казғанда қалған барлық ұшақта 
ұшқышты қоспағанда тағы екі адам болды.


24
Жоспар өте қарапайым. базадан А 
нүктесіне ұшып, бұрылыс жасап, В нүктесіне 
бағыталып бұрылыспен базаға оралу.
Бұл 
бағыт оқу ұшулары кезінде бірнеше рет 
сыналған болатын, ал навигациялық нүктелер 
көрнекі 
бағдарлармен 
белгіленген. 
Тапсырманы орындау үшін екі ақ сағат қажет 
болды,ал ұшақтарда жанармай бес сағаттан 
артық ұшуға жеткілікті еді.Барлық машиналар 
негізгі 
жүйелерді 
толық 
техникалық 
дайындықтан және тексеруден өтіліп,еш 
ақаусыз ұшуға жіберілген болатын. 
Ұшқыштар ойдағыдай жоспар бойынша 
ұшып келеді. Бір мезетте капитан Тейлор мен 
курсанттар ұшақтарында эфирге кедергілер 
пайда болып, құрылғылардың өздігінен істен 
шыққанын аңғарады. Бір нәрсе дұрыс емес. 
Кенет 
ұшқыштар 
бағыттарынан 


25
адасады.Капитан 
курсанттарға 
барынша 
жақын қашықтықта ұшуларын бұйырады.
Ұшқыштардың естері шығып, бойларын 
қорқыныш билей бастайды. Ұшы қиыры жоқ 
мұхит. 
Капитан 
Тейлор 
курсанттарға 
байланысқа шығып, жанармай таусылғанша 
бір бағытта ұшуды ұсынады. Қайсы бірінде 
жанармай таусылған болса барлығы бірге суға 
қонуға келіседі. 
Бір кезде байланыс орнап капитан Тейлор-
дың: 
-Бұл не? Кеме ме? – деген сөзі базаға естіледі. 
Байланыс бірде үзіліп бірде шығып тұрды. 
Сағат кешкі алты жарымда капитан 
Тейлордың: 
-Барлық ұшақтар бірге,жақын жүреміз! 
Қандай да бір арал көрінсе бірге қонамыз, 


26
немесе... Кімде жанармай 10 галоннан аз қалса 
хабарлаңдар! –деген сөзі естілді. 
Базадағылар ұшақтардың бағытын еш 
анықтай алмауда. Құдды бір олар жоқ секілді. 
Сағат кешкі жетіден төрт минут кеткенде 
ұшқыштардың біріне лейтенант Тейлорды 
шақырған дауысы естіледі. Шамамен сағат 
сегізде олардың жанармайлары таусылып, әуе 
байланысы жоғалып кетті. Бұл оқиғадан кейін 
бұл ұшқыштар жайлы ешқандай ақпарат жоқ. 
Бірақ бұл жұмбақ оқиғалар аяқталған жоқ. 
Бес "Эвенджер" тобымен бірге Мартин ПМБ-5 
"Маринер" бұл оқиғаны ести салысымен 
іздеуге аттануға бұйрық алады. Порт-
Эвергладтан екі құтқару ұшағы дабыл 
хабарламаларын алғаннан кейін, бірден ұшып 
кетті. Ол екі ұшақ әртүрлі бағыттан ұшып, 
бірақ іздеу аймағының ортасында кездесу 


27
жоспарланған болатын. Соңғы хабарламада 
ұшақтың бірі жоспарланған нүктеге жақындап 
келе жатып, жоғалып кеткені хабарланады. 
Сол 
кеште 
оқиға 
орнына 
жақын 
орналасқан кемелердің бірінің капитаны 
аспаннан суға құлаған ұшақты көргенін және 
құлаған жерде көптеген сынықтары қалғанын 
баяндайды. Алайда, бірнеше сағаттан кейін 
көрсетілген алаңға келген АҚШ Әскери-теңіз 
күштері ол жерден ештеңе таппады. 
Келесі күндері жүргізілген ең үлкен іздеу 
операциясының 
еш 
пайдасы 
болмады. 
Ұшақтардың 
сынықтары 
мен 
өлген 
ұшқыштардың денелері судан да, жағалаудан 
да, осы аймақтағы көптеген аралдарынан да 
табылған жоқ. Бұл іздеу нәтижелері еш 
нәтиже бермегендіктек ұшқыштар хабар-
ошарсыз жоғалып кетті деп танылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет