Заманауи менеджер. Жаңашыл ұжым. Табысты мектеп



бет1/6
Дата08.02.2022
өлшемі19,29 Kb.
#98592
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Заманауи менеджер 2020


Заманауи менеджер.
Жаңашыл ұжым. Табысты мектеп.
Мұғалімдік – ізгілікке құрылған интеллектуал мамандық. Еліміздің келешегінің кемел болуы білімді де іскер адамдардың бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Қарымды қабілетке ие жастар бүгінгі мектептің қабырғасында қалыптасуы шарт. Ендеше, осы ұлы миссияны арқалап жүрген мұғалімдерге позитивті энергия мен сарқылмас жан байлығын тілеу баршаның парызы. Жаны позитивке толы адам атқарған қызметінде тек ізденіс пен жаңалыққа ұмтылады. Бұл қасиеттер – креативті ойлардың, жаңа идеялардың бастауы. Бағалы бастамаларға негіз қалайтын мәртебелі мамандық иелерін кәсіби төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа заман талабына сай бүгінгі мектеп тек оқу-тәрбие ошағы ғана емес, адам қалыптастырушы шеберхана деуге болады. Жазу, сызу, санау, есептеу, жаттау сияқты қажеттіліктерді қанағаттандыратын әрекеттерді үйретумен қатар мектеп мемлекет пен қоғамды сапалы адами ресурспен қамтамасыз ететін интеллектуалды орта. Білім мазмұнының жаңаруы жаһандық құбылыстардың әсерінен туындаған қажеттілік болды. Ашық және жедел ақпаратқа толы технологиялық үдеріс шапшаң ойлау арқылы жылдам шешім қабылдайтын, бірнеше әдіс бойынша нақты тұжырымының дұрыстығын негіздейтін, түпкі ойын дәлелді түрде жеткізе алатын, мәліметтерді сараптауды, салыстыруды, таңдауды меңгерген, академиялық білімді өмірлік жағдаятта қолдана алатын адам қалыптастыру міндетін орындау үшін мазмұн жаңарды. Мазмұнға сай амалдар мен тәсілдер де белсенді, зерттеушілік, коммуникативтілік сипат алды. Оқыту мен оқу әрекетінде оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым деген негізгі төрт дағдыны кешенді түрде қалыптастыру талабы енгізілді. Мектеп оқушысында осы мүмкіндіктердің болуы оның функционалдық құзыреттіліктерін қамтамасыз етеді. Яғни әрбір шәкірт өзіне өзі қызмет жасайды және жеке өмірін реттей алады. Жаңартылған білім мазмұнының тағы бір ерекшелігі тәрбиелік компонент білімнің мазмұнына кіріктірілген. Демек оқу мен тәрбие біртұтас ұғым ретінде қарастырылады. Білім алушы оқу барысында зерттейді, шығармашылық тұрғыда дамиды, жаңа идеяны жобалайды, іске асырады және игерген білімін бағалайды. Оқушыға бұл жолда қолдаушы орта бар, олар – сыныптастары, мұғалімдер, ересектер, ақпараттық және техникалық ресурстар. Ұл-қыздарымыз бастауыш сыныптан бастап коллаборативті ортада әрекет етеді, креативті ойлайды, сыни көзқарас білдіреді, коммуникацияға түседі. Іскер, білікті, сауатты адамға қажетті негізгі дағдылар бекемделеді. Меніңше бүгінгі білім ұясының бітімі мен болмысы дәл осындай болуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет