Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет17/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37
Байланысты:
ZG2022-7
Түйіндеме, қылмыс саты, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
Осы ойыңызды таратып 
айт саңыз...
– Жаһандық дағдарыс рухани жаң­
ғыру, әлеуметтік­мәдени өркениет
атап айтқанда, ғылым мен білім, мә­
дениет пен имандылық, адамгершілік 
құндылықтар саласындағы теріс сал­
миканың өте маңызды осы әлеумет­
тік бағыттарын «қалдықтық негізде» 
көптеген жыл бойы ұстағанымыз көр­
сеткіштерден көрініп тұр. Мысалы, 
ғылымды қаржыландыру 20­30 есе 
артта қалған кезде, кедей ғалымдардан 
әлем жаңалықтарын қалай талап етуге 
болады? Ғалымның миы толық, бірақ 
қалтасы тесік, ал әкімдердің миында не 
бар екені белгісіз, бірақ қалтасы толық. 
Адами және әлеуметтік қажеттілік­
тер саласында әр адамның жеке тапсы­
рысына дейін тауарларға, қызметтерге 
атқарушы биліктің тепе­теңдігін іс 
жүзінде сақтау. Осы жүйеге көшкенде, 
заң, сот жүйесінде әділеттілік орнар 
еді, жемқорлық тыйылып, халықтың 
жағдайы жақсарар еді. 
Нақтырақ айтсам, біз унитарлы мем­
лекет болғандықтан да, бірпалаталық 
Парламентке өтуіміз қажет. Онда депу­
таттардың саны – 150, ал оның 50%­ы 
партиялардан, 50%­ы бір мандатты 
мажоритарлық округтардан елге белгілі 
маман, қайраткерлер сайлануы тиіс. Се­
бебі, қазір «партия» деп халық қай де­
путатты жергілікті жерден сайлағанын, 
өзінің мұң­мұқтажын кімге айтарын, ал 
олар шешілмесе, қай депутатты қайта­
рып, басқасын сайлауды білмей қалды. 
Партиялардың Парламентке өту межесі 
3­5%­дан аспауы керек. Бұл ұсыныстар­
ды мен Парламентте талай рет депутат 
болып, оның ащы­тұщысын татқаннан 
кейін, ең тиімді жол деп таныған соң 
айтып отырмын. 
Мұның ең өзектілігі – көп партия лы 
Парламент жасақтау және оның стату­
сын көтеру болып отыр. Өйткені, пар­
ламентаризм – «қалталы депутат емес», 
көппартиялы орта, пікірталас арқылы 
шындыққа шығу алаңы. Біз, ең басты­
сы, сайлауды таза демократиялық жол­
мен өткізуге тиіспіз. Ха лық өз дауысын 
қандай партияларға қанша па йызбен 
бергендігін өзгертпей, әкімшілік ре­
сурсты алып тастап, әдеттегідей дауыс 
ұрламай, Парламент сайлауын өткізу 
керек. 
Бұл жағдай өз басымнан өтті, ке­
леңсіздіктің құрбаны да болдым. Сай­
лаудың әділ өткеніне билік емес, ха­
лық сенуі қажет. Егер сен мәселенің 
құрылымын білсең, онда жөндеп басқа­
ра аласың демекші, осының ішінде кү­
йіп­пісіп жүргеннен соң ұсынудамын. 
Қандай Конституциялық өзгерістер 
жасасақ та, реформалар қабылдасақ 
та ең абзалы халықтың жағдайы, әлеу­
меттік күнкөрісі төмендемеу керек. Әр 
адамға бет бұратын уақыт келді. Адам 
мен табиғаттың қадірін білсек, қадірлі 
адам, қадірлі қоғам, қадірлі мемлекет 
боламыз. Осы жолда барлық күш­жі­
герімізді алдағы уақытта ізгілікті да­
мыған қоғам орнатуға салуымыз өте қа­
жет. ХХ ғасырды өнеркәсіптегі жоғары 
технологияның ғасыры десек, ал енді 
ХХІ ғасыр – ол жоғары гуманитарлық 
ноосфералық өркениет ғасыры болмақ 
деген пікірді білдіремін. Бұл жерде әр 
адамның, азаматтық қоғамның мүмкін­
діктері пайдаланылады деген сөз. Се­
бебі, адам өзінің ақыл, ой­санасы және 
тілі арқылы ең жоғарғы биологиялық 
феномен болып есептеледі. 
Реформа билік басындағылардың 
мүддесі үшін емес, қоғамның, елдің 
мүддесі үшін жүргізіледі. Азамат­
тық қоғам институттары­
ның жұмысын жетілдіру қа­
жет. Атқарушы мемлекеттік 
биліктің жұмысына қоғам­
дық бақылау орнатылуы 
тиіс. Осыған орай, азамат­
тық қоғамның негізгі белгісі, 
жергілікті өзін­өзі басқару­
дың көзі – биліктің халықпен 
санасуында және халықтың, 
азаматтық қоғамның шешім 
шығаруға формалды емес, 
белсенді түрде араласуында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет