Zanmedia. Kz қоғамдық-саяси, құқықтық газет



Pdf көрінісі
бет37/37
Дата18.06.2022
өлшемі1,02 Mb.
#146738
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
ZG2022-7
Түйіндеме, қылмыс саты, Юриспруденция кафедрасы, century, famous teenagers you admire, пульмо, нефро каз, геронтология ж не гериатрия кітап, Геморрагические заболевания у детей
Алпысбай ӘБДІЛҰЛЫ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ.
налған «Glamour» темекісін алып 
шықты. 
– Нәдия Епишеваны жәбірлеген қыл-
мыскер де тура осындай темекі шеккен. 
Әлішер көзінен жас аққанша күл-
ді. Сонда не жер бетінде «Glamour» 
темекісін мен ғана шегеді дейсіз бе? 
Ойбай-ау, екінің бірі, әйелі бар, қызы 
бар, жігіті бар, шалы бар осы темекіні 
жапатармағай шегеді ғой қазір. Сіз не 
мені мазақ қылып отырсыз ба? Әлішер 
орнынан тұрмақшы болып еді, ұзын са-
рының көмекшісі оны иығынан басып 
төмен қарай нығарлай түсті.
– Әлішер мырза, сабыр сақтаңыз. 
Енді сізден қан сараптамасын алуымыз 
керек. 
– Не үшін?
– Кінәсіз екеніңізді дәлелдеу үшін.
– Сонда не «Glamour» темекісін ше-
гетіндердің қаны ерекше болады дей ме?
– Ұзын сары үстелдің тартпасын 
ашты да арнайы пакетке салынған әлде-
нені алып шықты. 
– Бұл не? – деді Әлішер үрейленіп.
– Бұл қылмыс болған үйдің кіре-
берісіндегі қоқыс жәшігінен табылған 
темекі қорабы. Сыртына қан жағылған. 
Әрі бұл қанның құрамы сейфтің есігіне 
жағылған қанмен сәйкес келеді. Ұзын 
сары қолындағысын Әлішердің алдына 
сарт еткізіп тастай салды. Әлішер сонда 
ғана ұзын сарының өзінің соңынан бос-
тан-босқа түспегенін түсінді.
Бақыт та, уақыт та сырғымалы ғой 
шіркін. Кеше ғана жаңа көлік алып бос-
тандықта сайрандап жүрген Әлішер мен 
досы Махмут бүгін тергеу изаляторында 
отыр. 
Сол бір түнде болған қаралы оқиға-
ның анық-қанығына жету құқыққорғау-
шылар үшін оңайға түскен жоқ. Алдымен 
арнайы жасақ Әлішердің үйін түгел 
тінтіп шықты. Үйінен бәлендей күдік-
ті ештеңе табылмағанымен, ауладағы 
өсімдіктер арасынан өсіруге тыйым 
салынған құрамында есірткі заты бар ірі 
мөлшердегі сора өсімдігі табылды. Ол ол 
ма, жаңадан алған көлігінің бұрынғы иесі 
де іздестіріліп, Әлішер мен Махмуттың 
машина иесіне берген ақшаларынан да 
қанның дақтары анықталған. 
Айтса адам сенбес жаңалықты Ар-
сеннің әулетінен әзірге ешкім естіген 
жоқ. Күдіктілер ұсталыпты деген сөз 
ғана дәтке қуат, көңілге медеу болып 
тұр. Оның үстіне үй маңында кім көрін-
генмен ілінісіп жүретін Артур мен Макс 
та зым-зия жоқ болып кетті. Олардың 
полиция қолына қайтадан түскеніне 
туыстары бек сенімді еді. Ағайын-туыс, 
сот болатын күнді асыға күтіп, іштей 
тынып отыр. 
Түркістандағы 
тылсым түн
(Соңы. Басы 1-бетте)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет