Зат есімнің жіктелуі:
Зат есім: оқушы, кәсіпкер
Жекеше Көпше
1 жақ оқушымын, кәсіпкермін оқушымыз , кәсіпкерміз
2 жақ оқушысың, кәсіпкерсің оқушысыздар, оқушысыңдар,кәсіпкерсіздер (сіңдер)
3 жақ оқушы , кәсіпкер оқушылар, кәсіпкерлер
Зат есімнің тәуелденуі:
Зат есім: орамал,аға
|
Жекеше
|
Көпше
|
Менің
|
Орамал-ым
Аға-м
|
Орамал-дар-ым
Аға-лар-ым
|
Сенің
|
Орамал-ың
Аға-ң
|
Орамал-дар-ың
Аға-лар-ың
|
Оның
|
Орамал-ы
Аға-сы
|
Орамал-дар-ы
Аға-лар-ы
|
Зат есімнің септелуі:
Зат есімдер: Ағаш , мектеп
Септіктің аты
|
Сұрақтары
|
Жалғаулары
|
Сөз
|
Сөз
|
Атау септік
|
Кім? Не?
|
|
Ағаш
|
Мектеп
|
Ілік септік
|
Кімнің? Ненің?
|
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
|
Ағаш-тың
|
Мектеп-тің
|
Барыс септік
|
Кімге? Неге? Қайда?
|
-ға, -ге, -қа, -қе
|
Ағаш-қа
|
Мектеп-ке
|
Табыс септік
|
Кімді? Нені?
|
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
|
Ағаш-ты
|
Мектеп-ті
|
Жатыс септік
|
Кімде? Неде?
|
-да, -де, -та, -те
|
Ағаш-та
|
Мектеп-те
|
Шығыс септік
|
Кімнен? Неден?
|
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
|
Ағаш-тан
|
Мектеп-тен
|
Көмектес септік
|
Кіммен? Немен?
|
-мен, -бен, -пен
|
Ағаш-пен
|
Мектеп-пен
|
Зат есімнің синтаксистік талданылуы:
1)Бастауыш. Таулардан өзен ағар сарқыраған.
2) Баяндауыш – жіктеліп жұмсалады. Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
3) Анықтауыш – ілік септігі, түбір тұлғасында. Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді.
4) Толықтауыш – табыс септігі, барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі. Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан.
5) Пысықтауыш – барыс септігі, жатыс септігі, шығыс септігі, көмектес септігі, мезгіл, мақсат, мекен-бағыт, себеп шылаулармен тіркеседі. Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап.
Достарыңызбен бөлісу: |