Клечковский ережесі.Орыс ғалымы Клечковский өте қарапайым және нақты ереже ұсынды:элементтердегі атомдар электрондарының толтырылуы,квант сандары n+1 қосындысының өсуі тәртібі бойынша жүреді;егер екі деңгейдің қосындысы тең болса,онда бірінші n шамасы кіші деңгей толтырылады.
Атомдар өзара әрекеттескен кезде химиялық байланыс туып, соның нәтижесінде молекулалар, иондар, кристалдар, радикалдар түзіледі. Осыған сай химиялық байланыстың 4 типі бар, олар коваленттік, иондық, металдық, сутектік болып бөлінеді.
Коваленттік химиялық байланыс атомдардың арасында ортақ электрон бұлты түзіліп, ортақ электрон жұбы пайда болғанда шығады. Әрекеттесуге қатысқан элемент атомдары тұрақты әрі тиімді 8 электронды конфигурацияға (s2p6) ие болады, тек сутек үшін 2 электрон(s2) жеткілікті.Коваленттік байланыс екі түрлі механизммен түзіледі: бірі — алмасу, екіншісі — донорлы-акцепторлы.Алмасу механизмі атомдардың жұптаспаған электрондарының бұлттары өзара бүркесіп ортақ жұп түзгенде байқалады. Мысалы, сутек молекуласында s — s орбитальдар бүркесіп, полюссіз коваленттік байланыс түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |