19.Липидтералмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі. ЛИПИДТЕРДІҢ АРАЛЫҚ АЛМАСУЫНА БАРЛЫҚ ОРГАНДАР МЕН ТІНДЕР ҚАТЫСАДЫ. СОНЫҢ ІШІНДЕ •ІШЕК, •ӨКПЕ, •БАУЫР,
•МАЙ ТІНІ ЕРЕКШЕ РОЛЬ АТҚАРАДЫ.
Ішек қабырғасында липидтер алмасуының келесі үрдістері жүреді: 1) мицелланың ыдырауы, 2) b-МАГ липогенезге жұмсалады 3) a-МАГ ішек жасушаларының липазасы әсерінен БМҚ мен глицеринге дейін липолизге ұшырайды 4)хиломикрон ( ХМ) түзілуі, 5) липонеогенез, 6) ФЛ түзілуі (аз мөлшері), 7) Холестерин эфирлері аз мөлшерде түзілуі.
Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі. ХМ қорға жиналады (барьерлік және қор ретінде қызмет көрсетеді).
ХМ құрамына кіретін ТАГ өкпеде гидролизге ұшырайды. ХМ гидрофобты ядросы және гидрофильді қабаттан тұратын липидтердің тасымалдану формасы, ол лимфа тамырлары арқылы өкпеге түседі. Қалдық ХМ тек бауырға түседі. Себебі бауыр мембраналарында оларды байланыстыратын рецепторлар бар.
Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі. Бауырға тағам липидтерінің қорытылу өнімдері және 30% гидролизденбеген майлар 2 түрлі жолмен – 90% артериалық (бауырлық артерия) және 10% қақпа венасы (азотты қосылыстар, Н3РО4, глицерин, көміртек саны 10- нан аз БМҚ) арқылы түседі.
Бауырда келесі үрдістер өтеді: I. анаболикалық үрдістер: ТАГ, холестерин, фосфолипидтер, кетон денелерінің синтезі; II. катаболикалық үрдістер: БМҚ- ның -тотығуы.
Липидтер алмасуындағы май тінінің ролі. Май тіндерінде липогенез қарқынды ( ТАГ синтезі) жүреді, липонеогенез, ФЛ түзілуі, липолиз өтеді.
20.Хиломикрондар, құрамы, түзілетін орны, маңызы. ХМ құрамы: 80 пайыз ТАГ, 7 паз Фосфолипид, 5-11 пайз холестерин және оның эфирлері, 2 пайыз апобелок. ХМ ішек қабырғасында түзіледі. ХМ мен ТӨТЛП қанда жиналады - гипертриглицеридемия – хилезды қан.
21.Липопротеиндер-құрылысы,ролі. ЛИПОПРОТЕИНДЕРДІҢ (ЛП) 3 ТҮРІ БАР:
1. ТЫҒЫЗДЫҒЫ ӨТЕ ТӨМЕН ЛИПОПРОТЕИН (ТӨТЛП)- пре-β-ЛП
2. ТЫҒЫЗДЫҒЫ ТӨМЕН ЛИПОПРОТЕИН (Т Т Л П) - β-ЛП.
3.ТЫҒЫЗДЫҒЫ ЖОҒАРЫ ЛИПОПРОТЕИН (ТЖЛП)- α-ЛП