[Ag(NH3)2]+және [Cu(NH3)4]2+ үшін алынғаннәтижелерді салыстырып, комплекстүзушілер концентрациясы екі ерітіндіде де жуықтап алғанда бірдей:
[Ag+] =2,4·10-3 моль/дм3,
[Cu2+] = 8,5·10-3 моль/дм3.
Мыс-аммиакты комплексте лиганда концентрациясы күміс-аммиакты комплекске қарағанда 100 есе жоғары.
Төменде темірдің роданидті комплекстерінде аналитикалық химияда маңызды орын алатын тұрақсыздық константа шамасы мәндері көрсетілген.Бірінші саты үшін:
Fe(SCN)3+ ↔ [Fe(SCN)2]+ + SCN-
Екінші саты үшін:
[Fe(SCN)2]+ ↔ [Fe(SCN)]2+ + SCN-,
Үшінші саты үшін:
[Fe(SCN)]2+ ↔ Fe3+ + SCN-
Тұрақсыздық константасы мәніне қарап, әртүрлі комплекстердің беріктігі әртүрлі екеніне қорытынды жасауға болады.
[Ag(NH3)2]+және [Ag(CN)2]-электролиттік диссоциациясы мына теңдеу бойынша жүреді:
[Ag(NH3)2+] ↔ Ag+ + 2NH3,
[Ag(CN)2]- ↔ Ag+ + 2CN-.
Массалар әрекеттесу заңын тепе-теңдік жүйелерге қолданып, мынаны аламыз:
Кнмәнін салыстыру [Ag(CN)2]-,тұрақсыздық константасы мәні [Ag(NH3)2]+ мәніне қарағанда өте төмен болғандақтан анағұрлым тұрақты екенін көрсетеді.
Комплекстердің тұрақсыздық константасы теңдеуінен келесі практикалық қорытындыларды жасауға болады:
Комплексті ионның электролиттік диссоциациясы берілген қосылысты комплексті қосылысқа айналдыратын комплекстеуші агентті қосқанда төмендейді.Сонымен, [Ag(NH3)2]+электролиттік диссоциациясы ерітіндідегі аммиак концентрациясын жоғарылытқанда қиындайды.
Комплекстің электролиттік диссоциациясының жоғарылауына ионды комплексті қосылысқа байланыстыратын реагенттің концентрациясын төмендету арқылы жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |