«ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГ – 2020» республикалық байқауының ұйымдастырушысы Республикалық педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыру және шығармашылығын дамыту орталығы (бұдан әрі – Орталық) болып табылады;
Орталық наградалары қоғамдық негізде және награда иегерлері тек қана конкурстық жүйе бойынша іріктеліп алынатын болғандықтан марапаттардың 100 пайыз заңды ие екенін айқындайды;
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
Осы ереже «ҮЗДІК ЖАС ПЕДАГОГ - 2020» байқауының (бұдан әрі – Ереже) барлық шарттары мен наградаларды иелену тәртібін түсіндіреді;
Ереже Республикадағы барлық білім беру мекемелерінде, педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері бар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру және жоғарғы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің байқауға қатыса алатындығын айқындайды;
Байқау педагогтар қауымын ынталандырып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің артуына өз үлесін қосу және білім саласының озат мамандарын анықтау мақсатында өткізіледі;
Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
байқау комиссиясы – байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, жеңімпаздарды анықтау үшін құрылатын комиссия (бұдан әрі - Комиссия).
байқауға қатысушы – осы ережеге сәйкес байқауға қатысуға құжаттарын ұсынған білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкері;
педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы.