Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына



Дата07.02.2022
өлшемі11,03 Kb.
#84801
Байланысты:
таблица сурдо


Тәрбиелеудің мақсаты, міндеті ,мазмұндары таблица

Мақсаты

Міндеті

Мазмұны

Үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына
дейінгі балалардың, және білім алушылардың Қазақстан Республикасының
азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін-өздері танытуларына,
әлеуметтенуіне, болашақ мамандық иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және
әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті,
тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және
дамыту;
балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам
құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді
сыйлауға тәрбиелеу;
өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени
ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік
дүниетанымды қалыптастыру;
жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде
білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық
қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге
икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін
барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
Т.Б

Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру
үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысыты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму
заңдылығы болып табылады. Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу
мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсатттары мен міндеттері арқылы анықтала заңды және ол
қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Тәрбие
мазмұны адам тұлғасының гуманистік құндылықтар жүйесін игеру негізінде
қалыптасуын, оның барлық мәндік сферасының дамуын қамтамасыз етуге
жұмылдырады.

Орындаған: Наби Жадыра Д-31

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет