2020 жылғы басты реформа: зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану Биылғы зейнетақы туралы басты реформа – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы азаматтардың қаражатын тұрғын үй алу немесе емдік шаралар үшін пайдалану мүмкіндіктерін беру.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 2 қыргүйегінде өзінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында жұмыс істейтін азаматттардың зейнетақы жинақтарын мақсатты түрде пайдалану мүмкіндігін жасау туралы тапсырма берген болатын. Бірақ айтарлықтай нәтиже болмады. ҚР Президенті Тоқаев осы жылдың бірінші қыргүйегіндегі Жолдауда аталған мәселені тағы да көтерді. Енді 2021 жылы 700 мың салымшы өздерінің жинақтарының жартысын баспана алу, емделу немесе қаржы компанияларына басқаруға беру үшін пайдалана алады.
Жеткіліктік шегіне жеткен қазақстындықтар үш жағдайда ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін шешіп алуға құқылы:
-Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін;
-Денсаулықты жақсарту мақсатында емдік шараларды төлеу үшін;
-Сенімді жеке компанияларға қаржыны басқару беру үшін.
Жеткіліктілік шегі – бұл бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоты бар салымшыға қажетті ең төменгі сома. Бұл қаржы 82 жасқа дейін салымшының минималды сомадағы зейнеттік төлемдерін қамтамасыз ете алуы тиіс. Егер шоттағы жинақ сол сомадан асса, қалған ақшаны мақсатты түрде пайдалануға болады. Салымшылар жеткіліктілік шегіндегі соманы түгел шешіп алуға құқылы.
721 мың қазақстандық өздерінің жинақтарын пайдалана алады. Олар:
- зейнетақы жинағы бар, қордағы ақшасы "жеткіліктілік шегінен" асатын еңбекке жарамды жастағы азаматтар – 529,7 мың адам;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинағы бар зейнеткерлер – 178,4 мың адам;
- зейнетақы аннуитетін рәсімдеген және шотында жинағы қалған қазақстандықтар – 13,3 мың адам.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Сарбасовтың айтуынша, 1 млн адам зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға, алуға құқылы.
«Азаматтар зейнетақы жинақтарының ахуалын және отбасының қажеттілігін ескере отырып, оларды алып қою мәселесіне байыпты қараулары керек. Үкімет зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайтын болады. Бірінші кезеңде «Отбасы Банкті» белгілеу ұсынылады. Барлық механизмдер ережелерде көрсетіледі. Тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі қағидаларды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, емделуге ақы төлеу мәселелері бойынша Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр, қаңтар айында заңға байланысты барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу құқығын беру тетігін толығымен іске қосамыз деп күтілуде», - деді ол.
Биыл, яғни 2021 жылы зейнетақы мөлшері тағы өсті. «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 7% - ға, яғни инфляция деңгейінен 2% - ға ілгерілеп арттырылды. Бұл ретте жасы бойынша ең төменгі зейнетақы мөлшері 43 272 теңгені құрады.