19.
Антеридий -
кейбір балдырлардың, саңырауқұлақтардың және
мүктердің, сушырмауықтың, қырықбуынның, қырыққұлақтардың
аталық жыныс мүшесі
20.
Антигендер
- қанға еніп, ерекше антиденелерді
қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды
заттар.
21.
Антикодон
–
қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға
қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар.
22.
Антропогенез
-
антропология ғылымының адамның шығу тегін,
даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және
адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі
қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы.
23.
Антропология
-
адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын,
нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының
қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы.
24.
Ареал
-
өсімдіктер мен жануарлар түрінің, туысының,
тұқымдасының құрлықта не судағы таралған аймағы; берілген
таксон таралып және оның дамуынын толық циклі өтетеін жердің
немесе теңіздің беті.
25.
Арогенез
-
тірі ағзаның құрылысы мен қызметінде ірі
өзгерістер туғызатын эволюциялық даму;
26.
Архегоний
-
мүк, қырыққұлақ тәрізді плаун және жалаңаш
тұқымды өсімдіктердің (кейде бұларды архегонийлі өсімдіктер
деп атайды) аналық тұқым клеткасы; мүктердің
сушырмауықтардың, қырықбуындардың, қырыққұлақтардың және
жалаңаштұқымдылардың көп жасушалы аналық жыныс мүшесі.
Достарыңызбен бөлісу: