39.
Лордоз -
омыртқа бағанасының патологиялық майысуының
(қисаюының) бір түрі.
40.
Метаморфоз
- жануарлар мен өсімдіктер тіршілігінде болатын
құбылыс; организм құрылысының түбегейлі өзгеруі, соның
барысында дернәсілдің ересек дарасына айналуы.
41.
Микология
–
саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым.
42.
Мимикрия
-
бүркеніш түс пен түрдің бір типі.
43.
Онтогенез
-
организмнің жеке дара дамуы.
44.
Орнитология
-
зоологияның құстар, олардың жүйеленімі,
жекеше және тарихи дамуы, физиологиясы, экологиясы, жер
бетіне таралуын зерттейтін саласы.
45.
Пиноцитоз
-
жасушаның плазмолемма арқылы қоршаған
ортадан сұйық затты немесе ерітіндіні нәзік- микроскопиялық
мөлшердегі көпіршіктер түрінде жұту процесі.
46.
Регенерация
-
қайта өркендеу, қалпына келу.
47.
Рефлекс
- ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер
әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын
жауабы..
48.
Рецептор
- сезімтал жүйке талшықтарының соңғы сезгіш
ұштары.
49.
Реципиент
- қан құю процессіндегі қабылдаушы.
50.
Симбиоз
- әр түрлі екі немесе бірнеше организмдердің
тұрақты бірге тіршілік етуі.
ҰБТҒА КЕРЕК 50
ТЕРМИН
Достарыңызбен бөлісу: |