Зәр шығару жүйесінің аурулары
Бүйрек аурулары қартайған шақтадағы жеке патология отандық нефрологтардың ойлары бойынша егде жастағы және қарт адамдардың өлімдерінің негізгі 4 себебінің бірі болып табылады. Бүйрек ауруларында жасқа байланысты ерекшеліктері бар. Жануарлармен адамдардағы зерттеулері дәлелденгендей жас келе бүйрек ұлпасының қызметінің төмендеуі адам қартайғанда 1/3-1/2 нефрондарын жоғалтып дәнекер тіндер өсіп жастық нефросклероз түзіледі. Нефрондардың өлуімен қатар қалған жасушалардың компенсаторлы гипертрофиясы дамиды. Қартайған кезде бүйректің оттегіне қажеттілігі төмендейді, жасушаларда митохондри саны азаяды, жалпы АТФ-тың белсенділігі төмендейді, жалпы ағзадағы энергиялық алмасу қарқындылығы қысқарады. Үдемелі түрде бүйрек қанайналымымен шумақты фильтрациясының физиологиялық деңгейі төмендейді. Бүйректің экскреторлы (азотты, су мен электролит шығарушы) қызметі төмендеп бүйректің гипофункциясы дамиды. Бұған нейрогумаральды реттелудің жастық ерекшелктеріне байланысты зәр шығару жүйесінің жүйке бөлімінің ролінің азаюына, гуморальды белсенділігінің жоғарылауына байланысты. Бүйрек тостағаншалары, табақшалары, несеп ағар жас келе тығыздалады, эластикалығын жойып, көлемі ұлғайып ритмді қызметі бұзылып, рефлюкс жиілеп, қуық қабырғасы қалыңдап тығыздалып зәр шығаруы жиілейді. Қуықтың жас өзгеруіне байланысты жабушы аппараттың қызметі әлсіреп, зәрді ұстай алмауына алып келеді. Бұл зәр шығару рефлексін бақылаушы жоғарғы орталық жүйке жүйесінің қызметінің төмендеуінен болып табылады.
Қарттық метаболикалық функционалдық, реттеуші құрылымдардың өзгерулері зәр шығару жүйесінің қартайғанда патологиясының өсуіне стресс кезінде декомпенсациялануы дәрмектердің мөлшерін азайтуға алып келеді.
Гломерулонефрит - стрептококктық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін бүйректің инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Этиологиясы. Басты себебі - А топты 12 типті β-гемолиздеуші стрептококк. Дерттің дамуына 3-4-ші типтері де әкелуі мүмкін, бірақ 12-ші типті стрептококк нефритогенді болып саналады.
Бұдан басқа, гломерулонефриттің дамуына өзге инфекция лық немесе инфекциялық емес факторлар да әкелуі мүмкін, мәселенНВУ, Коксаки вирусы, желшешек вирусы, қызамықгың қоздырғы -шы, сарысулар, аллергендер, жәндіктердің уы, бүйрек көктамырларыныңтромбозы.
Гломерулонефрит патогенезі бойынша иммундыкомплекстік, морфологиялық түрғыдан интракапиллярлық гломерулонефрит болып табылады.
Классикалық гломерулонефрит фарингиттен, тонзиллигген, стрептодермиядан 10-12 күн өткеннен кейін дамиды.
Клиникалық көрінісі: жіті гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін пайда болады. Дерттің негізгі белгілері -ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің ауыруы, артериялық қысымның жоғарылауы. Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі - ісіну.
Ісінуден бұрын шөл, әлсіздік, олигурия пайда болады. Ең алдымен бет пен кабақ ісінеді (шел қабатының болбырлығынан). Кейде кабақтар аса ісінгенгенде көз жасы еріксіз ағады. Денесі болбыр толық адамдардың жалпы ісінуі сырттан карағанда кейде байқ алмайды. Науқастың өзі "салмақ қосуын", "денесінің ауырлауын" сезінеді. Науқастардың көбі сауығу кезіндегі зәрдің көптеп бөлінуіне, соншама сұйықтықтың
жиналғандығына таңқалады.
Науқастардың көбі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді.
Аурудың тез дамыған түрінде ентікпе мен қүрғақ жөтелдің болуынан оны кейде жіті пневмониямен шатастырады.
Ентікпенің себебі - айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның тез жоғарылауынан болатын жүрек шамасыздығы. Жасы ұлғайған адамдарда жіті гломерулонефрит алғаш жүрек шамасыздығымен білінуі мүмкін. Науқастардың 80%- да өтпелі артериялық гипертензия болады. Артериялық гипертония дамуының басты
себептері - натрий мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және
жүректің соғу көлемінің ұлғаюы.
Қабынып ісінген бүйрек капсуласы ның керілуінен, науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағымда нанады.
Жіті гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін. Созылмалы гломерулонефриттен айрықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның меншікті салмағы жоғары болады (егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жіті гломерулонефритті созылмалы гломерулонефриттен айырады.
Олигуриямен қатар зәрдің түсі өзгереді. Әдетте зәрдің түсі қызғылт, жас еттің шайындысына үқсайды, ал реакциясы кышқыл болса, онда түсі қара қоңыр болады. Гломерулонефритке тән несептік синдромның басты белгісі -жұптасып жүретін протеинурия мен гематурия (микро-, сиректеу -макрогематурия).
Емі. Диагнозды нақты анықтау үшін науқастарды міндетті түрде
ауруханаға жатқызады. Ісіну мен гипертензия әбден жойылғанға дейін науқасты төсек тәртібінде ұстайды (2-4 апта). Жылы төсекте жатқанның өзі бүйректің қанайналымын жақсартады, сондықтан диурез көбейіп, ісіну мен гипертония тез қайтады.
Диетотерапия. Тамақтануға қойылатын талаптар - су мен ас тұзын шектеу. Егерде ісіну аса ауыр, артериялық гипертония биік, диурез өте аз болса және эклампсияалды белгілері байқалса, онда науқасты 2 -3 күн аш ұстайды, су ішкізбейді.
Қалған жағдайларда алғашқы 2-3 күндерде тұзсыз емдәм үсынылады.
Ісіну қайтып, артериялық қысым қалпына келген соң, ас тұзын біртіндеп көбейтіп, 4-6 г тәуліктік мөлшерге жеткізеді. Содан кейін 6 -12 ай бойы ас тұзын шамалы шектетеді (8 -10 г тәулігіне).
Этиологиялық ем. Егер созылмалы инфекцияның көздері болса немесе жіті гломерулонефрит белгілі бір инфекцияның салдарынан күмәнсіз дамыса, мәселен жуық арада болып өткен стрептококктық инфекциядан кейін онда антибактериялық емді қолданады.
Қолданатын антибактериялдық дәрмектер бүйрскке уытты әсер етпеуі тиіс. Көбіне қолданылатын — пенициллин 500 000 Б 4 сағат сайын 10-14 күн немесе оның жартылай синтезделген аналогтары, немесе эритромицин.
Тонзиллоэктомия жасау үшін оның көрсеткіштері айқын болуы тиіс.
Егер тонзиллоэктомияны жасау қажет болса, оны жіті гломерулонефриттің басталуынан 12 ай өткен соң жасауға болады.
Патогенездік ем.
Стероидтық гормондар. Жіті гломерулонефритте стероидтық гормондар аса сақтықпен қолданылады.
Стероидтар макрофагтардың фагоцитоздық қасиетін төмендете отырып, ағзаның иммундық комплекстерден тазартып тежейді және осының салдарынан жіті гломерулонефриттің созылм алыға айналуына септігін тигізеді деген пікірлер айтылуда. Егер антикоагулянтгық және антиагреғанттық емнің әсері жеткіліксіз болса, стероидтық гормондарды жіті гломерулонефриттің басталуынан 1-1,5 ай өткеннен кейін колданады.
Стероидтарды бұдан ерте қолдану жіті гломерулонефриттің морфологиялық барысын нашарлатады.
Глюкокортикоидтарды мүмкіндігінше биопсия жасап, гломерулонефриттің морфологиялық көрінісін анықтап барып қолданған жөн. Глюкокортикоидтардың колдану көрсеткіштері:
• жіті гломерулонефриттің созылыңкы барысы, егер 2-3 аптадан
кейін ісіну мен гипертензия қайтпаса немесе оның қайтуы баяу болса
және протеинурияның азаюға бейімділігі байқалмаса;
• бүйректің жіті шамасыздығының дамуы;
• жіті гломерулонефриттің нефротикалық түрі.
Преднизолонның оптималді дозасы 1 мг/к. Тәуліктік дозаның барлығын 8.00 -12.00 сағат аралығынд а ішкізген жөн. Б ұл дозадағыемнің ұзақтығы 3-4 апта. Осы уақыт мерзімі өткен соң екінші күні преднизолонның дозасын бірден 2 есе кемітеді, содан кейін оның дозасын әдеттегі әдіспен, 3-5 күнде 2,5 мг-нан азайтып сүйемелдеу дозасына келтіреді (10- 5 мг). Ауруханадан шыққан кездегі преднизолонның дозасы 15 -20 мг болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |