Зәр шығару жүйесінің аурулары



бет4/8
Дата21.09.2023
өлшемі31,19 Kb.
#181923
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Геронт зәр шығ

Несептік синдром. Кейде несептік синдром созылмалы пиелонефриттің жалғыз белгісі болады.
Пиелонефриттің несептік синдромына тән белгілер: лейкоцитурия, микрогематурия, 1 г жетпейтін тәуліктік протеинурия, гипостенурия және бактериурия.
Лейкоциттер несепке қабынған интерстицийден және несеп жолдарының кілегей қабығынан түседі. Лейкоциттердің саны үдерістің өткірлігіне байланысты.
Пиелонефриттің латентті түрінде лейкоцитурия «бір көрініп, бір жасырынып» толқын тәрізді. Сондықтан несептің бір жасаған анализі диагнозды анықтауда аса маңызды емес.
Диагностикаға лейкоцитурияның аса маңыздылығын ескере отырып, несептің жалпы анализінде осы ауруға тән айтарлықтай өзгерістер болмаса, жасырын лейкоцитурияны анықтайтын сынамалардың біреуін қолданады (Аддис-Каковский, Амбурже, Нечипоренко немесе преднизолонмен өршіту сынамасын ).
Лейкоциттермен бірге несепте эритроциттер де болуы мүмкін.
Эритроциттер түтікшелердің жарылған капилярларынан немесе бүртіктердің зақымдануынан ( тостағаншалардың түбінен форникальдік қан кетуден) немесе кілегей қабаттың таспен жырылған жарақаттарынан түседі.
Пиелонефритке тән несептік синдромның тағы бір маңызда белгісі -гипостенурия. Бұл белгі несептің концентрациялау процесінің бұзылысынан болады (бүйректің милы қабатында жүретін). Бүйректің милы қабаты қабынып ісінгенде бұл үдеріс бұзылады, содан гипостенурия пайда болады. Кейде бұл пиелонефриттің жалғыз белгісі болады.
Мұндайда көптеген жылдар несептің шөгіндісінде паталогиялық өзгерістер болмайды, артериялық қысым жоғарыламайды, тек несептің меншікті салмағының төмендеуі ғана анықталады. Гипостенурияның болуын нақты зерттеу үшін Зимницкий сынамасын жасайды.
Бактериурия - микробтардың несеппен бөлінуі. Қалыпты жағдайда қуықтағы несеп стерильді. Несепті бөлген кезде үрпінің ұшынан патогенді емес микробтар қосылады, бірақ олардың зәрдің 1 мл -дегі саны 1х10-4 аспайды. Бүйректе немесе несеп жолының өзге бөліктерінде инфекцияның көзі болса, қуыққа түскен соң микробтар соның ішінде тез көбейеді, өйткені зәр бұларға өте қолайлы орта болып табылады.
Бактериурия деңгейін зәрдің себіндісінен анықтайды. Кейбір деректерге қарағанда, зәрдің бактериологиялық зерттеудің нәтижесі сенімді болуы үшін зәрді несепағарлық зондпен алу қажет. Егерде зәрдің 1мл микробтардың саны 1х10-4 болса, бұл сенімді бактериурия саналады;
бактериялардң 1х10-4 саны – сенімсіз бактериурия.
Бактериурия пиелонефриттің болуын толық дәлелдемейді, өйткені микробтаодың шығу көзі бүйректен тыс орналасуы мүмкін (простатит, цистит, уретрит т.б.) , бірақ соның өзінде антимикробтық емді жасау қажет, өйткені бактериурия пиелонефриттің қауіпті факторы. Сонымен қатар, зәрдің стерилділігі пиолонефритті жоққа шығармайды, өйткені антибиотиктерді 2-3 рет қабылдағаннан кейін зәр стерильді болып шыға келеді. Зәрмен бөлінген антибиотиктер ыдыстың ішіндегі зәрде де
антибактериялдық әсерін жалғастырады.
Пиелонефритте протеинурия аз мөлшерде, тәулігіне 1-2 г аспайды.
Оның себебі - шумақтардан өткен төмен молекулалық белоктардың проксимальді түтікшелерде реабсорбциясының кемістігі (альбуминнің, лизоцимнің, Р-2 микроглобулиннің). Гломерулонефритпен салыстырғанда, пиолонефритте түтікшелер басым зақымданады, осыдан түтікшелер шамасыздығы ерте қалыптасады (реабсорбцияның төмендеуі). Түтікшелік шамасыздықтан микроэлементтер, электролиттер зәрмен жоғалтылады, су көп мөлшерде бөлінеді. Осыдан пиелонефритпен ауыратын науқастарда ісіну болмайды, шөл және полиурияға бейімділік байқалады. Электролиттердің жойылуынан көбі әлсіздікке шағымданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет