Бөлу қажеттілігін қанағаттандыруының бұзылуына әкелетін зәр шығару жүйесі қызметі бұзылғандағы медбикелік үрдіс Бірінші кезең Пациенттен қажетті мәліметтерді алу үшін шағымдардың қашан басталғанын, қалай басталғанын (бірден немесе біртіндеп), қатты толқу, күйзеліс, жүйкелі-психикалық күшпен байланысын анықтау кажет.
Сонымен қатар, пациенттің зиянды әдеттері туралы (ішімдік ішу), ас мәзірінің құрамында көптеген ащы, тұзды, кептірілген тағамдардың бар –жоқтығын, тәулігіне қанша сұйықтықтар қабылдайтынын, ұзақ уақыт дәрі-дәрмектер қолданғанын ( әсіресе аспирин, сульфаниламидтер) анықтау маңызды.
Пациентті сұрастыру кезінде тұрмыстық жағдайы туралы, ал әйелдерде жүктіліктің ағымы туралы сұрастыру қажет.
Зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуларына алып келетін қауіп-қатерлер:
Тоңазу;
Ішімдік;
Шылым шегу;
Физикалық және психикалық күш түсу;
Тамақтағы жиі ауырсыну, тістердің кариеске ұшырауы;