Жұмыс барысы: Нөмірленген 4 пробиркаға 1-ті крахмал ерітіндісін құйып, 1-ші пробирканы қайнап тұрған су моншасына, 2-ші пробирканы 400С температурадағы су моншасына, 3-шісін бөлме температурасына, 4-шісін мұзға салып қояды. 10 минуттан соң, пробиркадағы температура бірқалыпты болғанда барлық пробиркаға 0,5 мл сілекей ерітінлісін құйып, тағы да сол жағдайда қоямыз. Крахмал гидролизі жүруі үшін иодпен реакция жасаймыз. Ол үшінзат шынысына бірнеше тамшы 3-ті калий иодидіндегі 0,3-ті иод ерітіндісін тамызып, үстіне гидролизге алынған ерітіндіні әр пробиркадан 1,2,4,6,8,10 және 12 минут сайын тамызамыз. Әр пробиркадағы крахмал гидролизін крахмалдың түсінің өзгеруімен иодпен әсер ету арқылы анықтаймыз. Нәтижелерін төмендегі әріптермен кестеге түсіреміз: «С» әрпімен (көк түс) қалыпты үлгі иодтың крахмалға әсері, «К» әрпімен (қызыл түс) декстринмен қалыпты үлгі, «Ж» әрпімен (сары түс) теріс үлгі.
Бақылау сұрақтары
Ферменттердің белоктық емес бөлігін ата?
Пептидтік байланысты үзу процесін катализдейтін фермент?
Полипептидтік тізбектің соңында тұрған пептидтік байланыстарды үзуіне қатысатын фермент?
Зертханалық жұмыс №6
Ферменттердің спецификациясы
Сұйытылған сілекей ерітіндісін дайындау: Ауызды 2-3 рет сумен тамақтың қалдығы кеткенше шаяды. Өлшеуіш цилиндрмен 50 мл дистилденген су өлшеп алып, ауызда 3-5 минут бірнеше рет ұстап, ерітіндіні басқа ыдысқа құйып алып, фильтрлейміз. Филтратты жұмысқа пайдаланамыз.
Жұмысқа керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер: плитка, су моншасы, термостат, шыны воронка, сүзгі қағаз, 50 мл-к өлшеуіш цилиндр, 50 мл-к шын стакандар (2), шыны таяқша, зат шынысы, пробиркалар, лабораториялық термометр, 1 жыне 2 мл-к пипеткалар, груша, 1 және 0,5%-ті крахмал ер-сі, 1%-ті NaCl, 1%-ті CuSO4, I2 ер-сі, Люголь ер-сі, 1% сахароза ер-сі, І2 ер-сі, 0,1 М лимон қышқылы, 0,2 М натрий фосфат.
1-тәжірибе: Сілекей амилаза активтігіне активаторлар мен ингибиторлардың әсері.
Фермент активтігіне активаторлар мен ингибиторлар әсер етеді. Бұларға металл иондары немесе органикалық заттар, кейбір күрделі қосылыстар жатады. Активаторлар көптеген микроэлементтер және суда еритін витаминдерге болуы мүмкін.
Конкурентсіз ингибиторлардың қасиеті, олар фермент молекуласына тікелей әсер етеді. Мысалы, ауыр металдар тұздарының мыс, күміс, сынап, қорғасын, қаныққан концентрациясы, көптеген ферменттер өзгеше әсер етіп, белоктарды тұнбаға түсіреді. Ал қайтымды ингибиторларға тән қасиеті, ферменттер мен ингибиторлардың анық константалары тепе-теңдікте болуы. Спецификалық ингибиторларға, антибиотиктер, гербицидтер, инсектицидтер жатады.
Жұмыс барысы: Үш пробирка алып, әр біріне 1 мл-ден сілекей амилазасы салынады. 1-ші пробиркаға 2 тамшы 1%-ті NaCl, 2-шіге 2 тамшы 1%-ті CuSO4, ал 3-шіге еш нәрсе салынбайды, кейін әрқайсысына 0,5 мл-ден 1%-ті крахмал ерітіндісі салынып, үй температурасында ұсталады. 2-3 минут аралығында үш пробиркіден 1-2 тамшы қоспаны алып, зат шынысына тамызады да үстіне 1 тамшы Люголь ерітіндісін тамызады.
Тәжірибеден крахмалдың гидролизі дәрежесінің әр түрлі вариантта жүретіндігі анықталады.
2-тәжірибе: Сілекейдегі амилаза ферменттерінің активтігіне рН ортаның әсері.
Әр бір фермент белгілі бір рН ортада, изоэлектрик нүктеде жоғары және оптималды активті болады. Мысалы. Пексин үшін рН 1,5-2,0-ге тең, сілекейдегі амилаза үшін 6,8-7,8, триксин үшін 7,8, асқазан безіндегі лираза үшін 7,0-7,8-ге тең болады.
Субстраттан бөлініп алынған және бірдей реакцияларды катализдейтін ферменттер өзінің оптимал көрсеткіштерін рН-тың әр түрлі көрсеткіштерінде анықталатындығын тәжірибе жүзінде көрсеткен. Мысалы, қантта кездесетін сахарозаның оптимал әсер ету рН-ы 6,2-ге, ашытқылардан бөліп алған сахарозаның рН-ы – 4,5-5,0-ге, сілекей амилазаның рН-ы – 6,8-7,0-ге, өнген бидай амилаза рН – 4,4-4,5-ге тең болады.
Жұмыс барысы: 7 пробирка алып, олардың әр біріне лимон қышқылы мен натрий фосфат ерітіндісін кестеде көрсетілгендей етіп салынады. Мұндағы әр бір пробиркадағы ерітінді рН-ы 5,6-8,0 тең.
Әрбір пробиркаға 10 тамшы 1%-ті NaCl, 1%-ті крахмал және 100 мәрте сұйытылған сілекей салынып, араластырылады. Пробиркалар 380С қыздырылған термостатқа 10 минут қойылады. Термостаттан алып суытылады да, әр біріне 1 тамшы Люголь ерітіндісінен қосып, түстің өзгергендігі бақыланады. Содан соң рН-ы бар пробиркада крахмалдың толық ыдырағандығын анықтау керек (иод пен сары немесе қоңыр түс береді).
Кесте 1
Пробирка нөмірі
|
Натрий фосфат, мл
|
Лимон қышқылы,
мл
|
Буфер ерітіндісінің,
рН-ы
|
1
|
0,38
|
0,42
|
5,6
|
2
|
0,63
|
0,37
|
6,0
|
3
|
0,69
|
0,31
|
6,4
|
4
|
0,77
|
0,23
|
6,8
|
5
|
0,87
|
0,13
|
7,2
|
6
|
0,94
|
0,06
|
7,6
|
7
|
0,97
|
0,03
|
8,0
|
3-тәжірибе: Ферменттердің өзіндік (арнайы) әсері.
Ферменттер өзіндік арнайы қасиетке ие болады. Әрбір фермент белгілі субстратқа әсер етеді, яғни белгілі реакцияны ғана жылдамдатады. Мұны сілекей амилазасы мен ашытқылардан алынған сахароза арқылы тәжірибе оп-оңай байқауға алады. Ол сахарозаны глюкоза мен фруктозаға дейін ыдыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |