Зертханадағы қауіпсіздік ережелері


Керекті құралдар мен реактивтер



бет25/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Керекті құралдар мен реактивтер:
50 мл-к колба, таразы, өсімдік не жануар майы, микробюретка, су моншасы, фенолфталеин, 0,5 н КОН-нің спирттегі ерітіндісі, 0,5 н HCl.
Жұмыс барыс:
Сыйымдылығы 50 мл екі колба алып, біреуіне 0,5 г өсімдік не жануар майы салынады, ал екіншісіне – 0,5 мл су құйылады. Екеуіне де бюретка арқылы 15 мл-ден, 0,5 н калий гидроксидінің спирттегі рітіндісі қосылады. Тоңазытқышпен жалғасқан тығынымен жауып, су моншасында 30-40 мин қыздырылады. Қыздыру барысында әлсін-әлсін араластырып тұрады. Майдың сабындануы кезінде
колбадағы сұйықты қатты қайнатуға болмайды, өйткені сұйық көбіктеніп, ол тығынның тесігі арқылы түтікке өтуі мүмкін. Сабындану процесі соңында колбадағы ерітінді біртектес, ешқандай май амшылары қалмай мөлдір келеді. Бұл процесс аяқталған соң әрбір колбаға 15-20 мл су, 3-4 тамшы фенолфталеин қосылып, 0,5 н тұз қышқылымен алқызыл түс жойылғанша титрленеді. 1 мл 0,5 н калий
гидроксиді, оның 28 мг сәйкес келетіндігін еске ала отырып, сабындану санын мынадай формуламен есептейді:
Сабындану саны = (V1 – V2)  28/a;


Мұндағы: V1 – контрольді (суы бар колба) титрлеуге кеткен 0,5 н HCl ерітіндісінің мл көлемі;
V2тәжірибені (май бар колба) титрлеуге кеткен 0,5 н HCl ерітідісінің мл к көлемі; а – майдың г алынған массасы.


Зертханалық жұмыс №13
Өсімдік майындағы асқын тотықты қосылыстарды ашу.
Өсімдік майының хлороформды ерітіндісі қышқыл ортада йодты калий ерітіндісін қосып, шайқап араластырғанда сұйықтық сарыға, ал крахмал қосқанда көк түске боялады. Бұл реакция майда асқын тотықты қосылыстар болуына байланысты йодты калийді тотықтырып, молекулярлы йод түзіледі:

2) І2 + крахмал → көк түске боялады.

Бұл реакция арқылы асқын тотықты санын сандық түрде анықтау үшін пайдаланылады, ал ол майдың ескіргендік көрсеткішін байқатады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет