Зертханадағы қауіпсіздік ережелері



бет27/28
Дата04.05.2024
өлшемі1,03 Mb.
#201753
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Зертханалық жұмыс Биохимия

Майлардың ерігіштігі.

Реактивтер: а) өсімдік майы (зығыр немесе мақта майы);
б) қатты май (қой және ірі қара майы);
в) диэтил эфирі;
г) ацетон;
д) этил спирті;
е) дистилденген су.
Жұмыс барысы: Төртеуден екі қатар пробиркалар қойылады. Бірінші қатардығы пробиркаларға бірнеше тамшы өсімдік майынавн тамызылады. Екінші қатардағы пробиркаларға қатты майдың бір бөлігін салып, дисдилденген судан 2 мл, екінші пробиркаларға сондай мөлшерде диэтил эфирі, үшінші пробиркаларға ацетон, төртінші пробиркаларға этил эфирі салынады. Барлық пробиркаларды жақсылап араластырып, олардың әр түрлі еріткіштерде ерігіштігі бақыланады.


Зертханалық жұмыс №14
Крахмалды сандық анықтау
Крахмалды химиялық әдіспен анықтау интенсивті иод түсімен, сондай-ақ (қышқылдық және ферментативтік гидролизден кейін) люкозаның сандық анықталуына негізделген. Крахмалды иод ерітіндісімен анықтайды.
Бұл әдіс тек салыстыру үшін анықтайтын әдіс. Қышқылдық гидролиз әдісін анықтау үшін өсімдік материалынан крахмалды сандық бөліп алу қажет, сондай-ақ қышқылдық гидролиз кезінде крахмалдан басқа целлюлоза, гемицеллюлоза және басқа полисахаридтер өсімдік материалдарда көптен кездеседі.
Крахмалды гидролиздегеннен кейін түзілген глюкозаның санын иодометриялық әліс арқылы анықтайды.
Керекті құралдар мен реактивтер: су моншасына 200 мл өлшеуіш колба, 200 мл мұздатқышы бар конусты колба, техникалық таразы, фарфорлы тостағанша (диаметр 90 мм), 5 және 10 мл пипетка, 25 және 50 мл бюретка, өлшеуіш цилиндр 10 мл, шыны пластинка, шыны таяқша, фильтр қағазы, 2,5%-к тұз қышқылы, 10%-к натрий хлориді, 0,1 н. иод, 0,1 н. натрий тиосульфаты, 0,5 н. натрий гидроксиді, 2 н. күкірт қышқылы, 1%-к крахмал-индикаторы, Люголь реактиві.
Жұмыс барысы: 5 г картопты жақсылап фарфор тостағаншаға еземіз, оны 200мл өлшеуіш колбаға саламыз, сөйтіп 30-50 мл мұздай дистилденген су құямыз да үстіне 100 мл ыстық дистилденген су құямыз. Крахмал ерітіндіге ауысу үшін колбаны бірден су моншасына 1 сағат қоямыз. Колбаны жүйелі түрде араластырамыз, крахмал ериді. 1 сағат өткеннен кейін колбаны су моншасынан алып, 400С-да суытамыз. Сөйтіп 10 мл сілекей ерітіндісін қосамыз. Амилаза хлорид-ионымен активтелгендіктен колбаға 5 мл 10%-к NaCl ерітіндісін қосамыз.
Ферментативті гидролизді 37-400С температурада су моншасында картоптан алынған крахмал үшін 2-3 сағат, өсімдік дәнінен алынған крахмал үшін 12-18 сағат ұстайды. Крахмал гидролизінің сатысы мен оның аяқталуы иод ерітіндісімен анықтайды. Ол үшін шыны таяқша арқылы колбадан тамшы сұйықтықты алып, шыны пластинкаға тамызып Люголь ерітіндісімен әсер етеміз.
Егер иод ерітіндісін тамызғанда көк түс бермесе, колбаға белгісіне дейін су құямыз, жақсылап араластырамыз және құрғақ стаканға немесе колбаға фильтрлейміз. Нәтижесінде түзілген амилаза декстринін және мальтозаны 2,5%-к НCl мен гидролиздейміз.
Ол үшін 100 мл фильтрат алып 200 мл конусты колбаға саламыз. Оған 12 мл 2,5%-к НCl қосамыз, сөйтіп су моншасында 3 сағат ұстаймыз. Гидролиз аяқтарғаннан кейін колбаны суытамыз. Конусты колбадағы ерітіндіні өлшеуіш 200мл колбаға ауыстырамыз, колбаның ішін шайып белгісіне дейін дистилденген сумен толтырамыз.
Глюкоза құрамын иодометриялық жолмен анықтайды: 10 мл ерітіндіні алып оған 15 мл 0,1 н. иод ерітіндісімен шайқап отырып 25 мл 0,5 н. NaОН ерітіндісін иод түсі жойылғанша құямыз, 10-15 минуттан кейін колбаға 5 мл 2 н. H2SO4 ерітіндісін құйып, бөлінген иодты 0,1 н. Na2S2O3 ерітіндісімен титрлейміз.
Ерітінді сары түске боялғанда 1 мл (20-25 тамшы) әрбір 50 мл сұйықтыққа 1%-ті крахмал ерітіндісін құямыз.
Параллель бақылау тәжірибесін аламыз. Гидролизаттың орнына дәл сондай көлем дистилденген су аламыз.
Крахмал құрамын мына формула бойынша есептейміз:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет