Зертханалық ыдыстармен жұмыс істеу ережелері


Зертханалық ыдыстарды кептіру



бет6/6
Дата14.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#100607
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Бейсен Н. ВМ-208 Зерт. іс

Зертханалық ыдыстарды кептіру.

Ыдыстарды алдын ала кептіру үшін,арнайы ілгіштері бар тақта қолданылады.Ыдыстарды қоймас бұрын,ілгіштерді таза матамен сүртіп,фильтр қағазымен орайды.Осындай жолмен әзірленген ілгіштерге таза,шайқалған ыдыстарды іледі.Ыдыстарды осындай әдіспен 10-15 минут кептіреді.Содан соң кептіргіш шкафқа қағаз фильтр төсеп,80 гр.дейін ысытатын режимін қойып , ток көзіне қосамыз.

Ыдысты жуу әдiсi оның қандай заттармен ластанғанына байланысты.

Ластағыш заттар суда жақсы еритiн, суда ерiмейтiн, майлы және суда еру үшiн тотықтыру реакциясына түсiрудi қажет ететiн заттар болуы мүмкiн.

1 Жуу оңайға түседi, егер ыдыс суда ерiгiш затпен ластанса, онда ыдысты ерщпен жуып; дистильденген сумен 2 – 3 рет шаю керек. Ыдыс таза жуылған деп есептеледi, егер ыдыстың iшкi қабырғаларында су тамшылары тұрып қалмай, қабырғамен бiркелкi ақса.

2 Ыдыс майлы заттармен ластанған болса, 10 % Na2CO3, 5-10 % NaOH ерiтiндiлерiмен, не болмаса күнделiктi тұрмыста қолданылатын кiр жуғыш ұнтақтармен щеткалап жуып, жақсылап шаю керек.

3 Кей уақытта ыдыстарды тазарту үшiн ластайтын заттарды тотықтыру керек. Ол үшiн көбiнесе концентрлi күкiрт қышқылынан және калий бихроматынан тұратын өте күшті тотықтырғыш қасиетке ие хром қоспасын қолданады. Хром қоспасын дайындау үшін 96% H2SO4-ның 100 миллилитрiне 10 г K2Cr2O7 ұнтағын (кристалдарын) қосып араластырады. Қоспаны қалың қабырғалы аузы жақсы жабылатын ыдыста сақтайды. Дайындалған хром қоспасы ыдыстарды тазартуға талай мәрте қолданылады.

Қолданылған әдебиеттер

  • 1. Рачинский Ф.Ю., Рачинская М.Ф. Техника лабораторных работ.- Л.: Химия, 1982.- 430 с.
  • 2. Аликберова Л.Ю., Лидин Р.А., Молочко В.А., Логинова Г.П. Практикум по общей и неорганической химии. - М.: Владос, 2004. - 319 с.
  • 3. Бірімжанов Б.А., Нұрахметов Н.Н. Жалпы химия.- Алматы: Ана тілі, 1992.- 640 б.

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет