Зертханалық жұмыс № «Өсімдіктердің салыстырмалы сипаттамаларын зерттеу: балдырлар, мүктер, қырықжапырақтар, ашық тұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер»



бет2/2
Дата09.12.2021
өлшемі0,53 Mb.
#78591
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Зертханалық жұмыс №1

Кестені толтырыңыз:



Белгілері

Балдырлар

Мүк

Папоротник

Ашық тұқымды

Жабық тұқымды

Тамыр
















Сабақ
















Жапырақ
















Көбею




































  1. Кестені қолдана өсімдіктердің жер бетінде қандай түрлері ең көп таралған. Неге, түсіндіріңіз?



Бөлім

Түрлер саны

Мүктер

10000

Балдырлар

100000

Папоротниктер

10000

Ашық тұқымды өсімдіктер

1100

Жабық тұқымды өсімдіктер

272000

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Кестені зерделеңіз № 1.

кесте № 1

№ 1. Кесте, талдауын жаазыңыз






Бағалау критерилер

Дескрипторлар

Оқушы

Өсімдіктердің салыстырмалы сипаттамаларын зерттеу: балдырлар, мүктер, қырықжапырақтар, ашық тұқымды және жабықтұқымды өсімдіктер

Жұмыс мақсатын анықтайды

Гипотезаны анықтайды

Өсімдік бөлімдерін анықтайды

Балдырлардың еркшеліктерін сипаттайды

Мүктердің ерекшеліктерін сипаттайды

Папоротниктердің ерекшеліктерін сипаттайды

Ашық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды

Жабық тұқымды өсімдіктердің ерекшеліктерін сипаттайды

Кесте берілгенің талдай, түрдің сандық көрсеткіштерін түсіндіреді

Кестені талдайды және қортынды шығарады

4.1. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Жалпы сипаттама

Төменгі сатыдағы өсімдіктерге балдырлар жатады.



Жалпы сипаттамасы:

Балдырлар - төменгі сатыдағы

біржасушалы, колониялы, көп жасушалы споралы өсімдіктер.

вегетативтік бітімі мүшелерге

және ұлпаларға жіктелмеген қабаттан (талломнан) тұрады;

жынысты көбею мүшесі бір

жасушалы;

көбінесе суларда, бірақ ылғалды

топырақта да кездеседі.

олар өсімдіктер әлемінің өте ерте

замандағы өкілдері, 1,5 млрд жыл бұрын пайда болған;

балдырлар құрылымының деңгейі

(біржасушалы - хлорелла, хламидомонада; колониялы – вольвокс: көпжасушаалы - спирогира, улотрикс, ламинария);

талломдағы жасушалар целлюлоза

және пектинді заттардан тұратын берік қабықпен жабылған.

балдыр жасушасы бір немесе

бірнеше ядролы

пигменті бар хроматофордан

тұрады; хромотофор - балдырлардың

хлоропласты.

балдырлардың негізгі қоректену

тәсілі автотрофты, сонымен қатар гетеротрофты қоректену де болады.



Көбеюі өсімді, жынысты және

жыныссыз (бөліну) болады.



Жыныссыз көбею кезінде ерекше қалтада немесе вегетативтік жасушаның ішінде бір жасушалы спора немесе зооспора (қозғалу үшін талшығы бар спора) түзіледі. Мұндай тәсілмен балдырлар өсуіне қолайлы жағдайда көбейеді. Тіршілік етуіне қолайсыз жағдай туған кезде (жоғары, төмен температура; қорек алмасуының жиналуы және т.б.), балдырлар жынысты жолмен көбеюге кіріседі.

Балдырлардың жынысты көбеюінің үш типі бар:

1.изогамия - талшық арқылы қозғалатын бірдей екі жыныс жасушаларының (гамета) қосылуы;

2.гетерогамия - әр түрлі мөлшердегі (аналық жыныс клеткалары ірі) жыныс жасушаларының қосылуы;

3.оогамия - аталық жыныс мүшесі антеридийде дамыған қозғалғыш спермия және аналық жыныс мүшесі оогонийде дамыған ірі және қозғалмайтын жұмыртқа жасушаларының бірігуі.

Өсімді көбею біржасушалыларда екіге бөліну арқылы, көпжасушалыларда талломның бөліктерге бөлінуі арқылы, шоғырлылар жеке шоғырларға бөліну арқылы жүзеге асады.

Балдырлардың тіршілік циклінде жынысты және жыныссыз көбею алмасып отырады.



Маңызы: Балдырлар – теңіздер

мен мұхиттардың жағалауындағы тіршіліктің көзі, жан-жануарлардың мекені. Бентоста (теңіздің, мұхиттың түбінде) тіршілік ететіндеріне қарағанда планктонды (суда қалқып жүретіндер) тіршілік ететіндер саны жүздеген есе артық, сондықтан олар судағы тіршіліктің маңызды бір бөлігі болып саналады. Адам баласына қажет қоректің қосымша көзін іздеу мақсатымен Жапонияда хлорелладан нәруыз пен витамин алынады. Қызыл балдырлардан йод, калий, альгиндік қышқыл, агар-агар өндіріледі.



4.2.1.Мүктәріздес өсімдіктер бөлімі

Жалпы сипаттама

Мүктерді бриология ғылымы зерттейді.



Мекені: ылғалды жерлер, орманның батпақты жерлері, ағаш діңдері, тұщы су түбінде. Арктика және Антарктикада да кездеседі.

Ерекшеліктері:

Тіршілік айналымында гаметофит кезеңі басым. Басқа бөлімдердің барлығында спорофит кезкңі басм болады.

Гаметофиттері көбінесе көпжылдық, денесі сабақ пен жапырақтан тұрады (кейбір түрлері біржылдық, құрылысы қарапайым болады).

Тамырлары жоқ, тамырдың қызметін ризоидтар (жіп тәрізді жасуша өсінділері) атқарады.

Ұлпалары нашар дамыған.

Спорофиттері гаметофитте паразиттік түрде тіршілік етеді.

Көбеюі суға тәуелді.



Өкілдері: көкек мүгі, шымтезек мүгі.

Көкек мүгі (жасыл мүк). Қоңыржай белдеуде кең таралған. Құрылысы жапырақты-сабақты, ризоидтары бар. Сабағы бұтақтанбайды, биіктігі 40см. Бұл - екіүйлі өсімдік. Жынысты көбею кезінде аталық өсімдіктің ұшында аталық жыныс жасушалары, аналық өсімдіктің ұшында аналық жыныс жасушалары дамиды. Ұрық-тану су арқылы жүзеге асады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан қауашақ (спорангий), одан споралар дамиды. Спора екі қабықты жасуша. Жыныссыз көбею споралар арқылы жүзеге асады. Споралар пісіп жетілген соң қауашақтан сыртқа шашылады. Споралар өніп жіп тәрізді өскіншеге айналады. Өскіншелерден аталық немесе аналық өсімдік дамиды.

Шымтезек мүгі (ақ мүк). Солтүстік ендікте кең таралған. Шымтезек мүгі тұтас өсіп топырақты батпаққа айналдарады, сабағының түбі қурап шымтезек түзеді. Құрылысы жапырақты-сабақты, сабағы бұтақталған, ризоидтары жоқ. Жапырақтары ұсақ, екі түрлі жасушалардан құралған:

1) ұсақ, хлорофилді тірі жасушалар;

2) ірі ауаға толы өлі жасушалар, ішіне су жинайды, сондықтан ақ түсті болады.

Көкек мүгінен айырмашылығы: бірүйлі, спора түзетін қауашықтар жанама бұтақтарда да дамиды, спорадан дамитын өскіншелер жіп тәрізді емес, тақташа тәрізді болады. Көбеюі көкек мүгінікі сияқты. Шымтезек отын, тыңайтқыш ретінде қолданылады, ал химиялық өндірісте одан спирт, карбол қышқылы алынады.


4.2.4.Қырықжапырақ тәрізділер бөлімі

Қазіргі кезде қырықжапырақ тәрізділердің 10000-нан астам түрі бар. Мекені: Олар әсіресе тропиктік ормандарда кездеседі. Тропиктік Азияда, Австралияда, Орталық және Оңтүстік Америкада сыртқы кескіні жағынан пальмаларға ұқсайтын ағаш тәрізді қырықжапырақтылар өседі. Қазақстанда ағаш тәрізді қырықжапырақтыларды тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады. Қазақстанда кездесетін қырықжапырақ тәрізділер – көп жылдық шөптесін өсімдіктер.

Ерекшеліктері:

Олардың аса кең тараған өкілдерінің бірі - еркек усасыр қырықжапырағы - тамырсабақты өсімдік. Осы тамыр сабақтарынан төмен қарай қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай ұзын сағақты жапырақтары өседі. Жер үсті сабағы жоқ.

Жапырақтары (вая) үлкен, екі рет қауырсынды тілімденген. Жапырақтың астыңғы бетінде оның орталық жүйкесін бойлай спорангийлердің тобы - сорустар орналасады. Спорангийлері жапырақтың кіндігіне ұзын аяқшалары арқылы бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек пішінді жамылғысы (индузий) болады. Сөйтіп, жапырақ екі қызмет атқарады:1)фотосинтез 2) спора түзу

Жыныссыз көбеюі: споралар пісіп жетілген кезде, спорангийдің қабықшалары жарылады да, споралар сыртқа шашылады. Қолайлы жерге түскен спорадан өскінше (гаметофит) пайда болады. Өскінше - жүрек пішінді, көк жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрге тең табақша, ол ризоидтары арқылы жерге бекінеді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық (антеридий) және аналық (архегоний) жыныс органдары жетілетін. Жынысты көбеюі антеридийде түзілген аталық гаметалар (сперматозоидтар) және архегонийде түзілген аналық гаметалар арқылы жүзеге асады. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады, ол алғашкы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Одан әрі ұрықтан тамыр сабақ және жапырақ қалыптасып, біртіндеп нағыз қырықжапырақ өсіп шығады.

Маңызы: Қырықжапырақ тәрізділердің практикалық маңызы шамалы.

Олардың бірқатарын сәндік өсімдіктер ретінде өсімдікжайда өсіреді және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады.

Кейбір түрлері дәрілік өсімдік.

Ағаш тәрізді жойлып кеткен қырықжапырақтар көмірдің түзілуіне қатысқан.
4.3.Тұқымды өсімдіктер
Тұқымды өсімдіктердің ең басты ерекшелігі тұқым арқылы көбеюі. Спора мен тұқымның айырмашылығы: спора – біржасушалы түзіліс, ал тұқым көпжасушалы түзіліс. Тұқымды өсімдіктерге екі бөлім жатады:

1) ашықтұқымдылар және

2) жабықтұқымдылар.
4.3.1.Ашықтұқымдылар бөлімі

Ашықтұқымдылар бөліміне шамамен 700-дей түр жатады,

Ерекшеліктері:

тұқымдар арқылы көбейеді, бірақ гүлдері болмағаны үшін жеміс түзбейді, сондықтан бөлім ашықтұқымдылар деп аталады.

барлық түрлері сүректі, шөптектес түрлері кездеспейді.

жапырақтары көбінесе қылқанды

көбі мәңгі жасыл түсті

негізгі және жанама тамырлар микориза түзеді.

Көбеюі: көбеюді кәдімгі қарағайдың мысалында қарастырайық. Көктемде қарағайдың жас бұтақтарында кішкентай бүрлер (мыртық өркендер) пайда болады. Олардың біреулері сары-жасылдау түсті болып келеді және жас өркендердің түп жағында тығыз топтасып орналасады. Екіншілері қызғылттау түсті, әрі жалғыздан орналасады. Әрбір бүр біліктен және оған тығыз орналасқан қабыршақтан тұрады. Жасылдау бүрлердің (аталық) қолтықтарында екі тозаңқаптан (микроспорангий) орналасады. Микроспорангийде тозаңдар жетіледі. Әрбір тозаңқапта екі ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел алысқа оңай ұшып әкетеді. Қарағайдың қызғылттау бүрлері (аналық) сол жасылдау бүрлер орналасқан ағаштарда дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында орналасады. Қызғылттау бүрлер қабыршақтарының қолтығында екіден тұқымбүршігі пайда болады. Тұқымбүршікте эндосперм бар. Пісіп жетілген тозаңдар микроспорангийдің қабықшасы жыртылуының нәтижесінде сыртқа шашылады, оларды жел алып кетеді. Тозаңдануын тұқым бүршігінің саңылауына (тозаңтесік) келіп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқым бүрі тозаңданғаннан кейін аналық бүрдің қабыршақтары бірігіп, шайырмен желімденеді. Тозаңдарда аталық гаметалар, ал тұқым бүршіктерінде аналық гаметалар жетіледі. Ұрықтану тұқым бүршіктерінде жүзеге асады. Зиготадан ұрық, ал тұқымбүршіктерінде тұқым пайда болады. Тұқым ұрықтан, эндоспермнен, тұқым қауызынан тұрады. Ұрық эндосперм есебінен қоректенеді. Осыдан кейін аналық бүрдің көлемі ұлғайып, қайтадан сүректенеді. Пісіп жетілген аналық бүрлердің түсі қоңыр түске айналады. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақытынан бір жарым жыл өткен соң пісіп жетіледі, ал бүрден екі жылдан кейін шашылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет