Зертханалық жұмыс №1-2
Сызықтық программалар
Мақсаты: С#
тілінің алфавиті, құрылымы, қызметші сӛздері және Math класымен танысу және
сызықтық программалар құру
Негізгі ұғымдар. Тіл алфавиті,
операциялар, математикалық функциялар, қызметші сӛздер,
мәліметтер типтері, ӛрнектер, программа құрылымы.
Бекіту мысалы. Нақты x,y сандары берілген. Функцияның мәнін есептейтін программа құр, мұндағы fn=x
2 +|x+y|;
Формаға textbox1, textbox2, ,label1, button 1 компонеттерін орналастырамыз.
Программа коды:
private void button1_Click(object sender, EventArgs e)
{
double x, y,fn;
x = int.Parse(textBox1.Text); y = int.Parse(textBox2.Text);
fn = Math.Pow(x, 2) + Math.Abs(x + y); label1.Text = "fn=" + fn.ToString(); }
Программа интерфейсі 9 суретте кӛрсетілген.
сурет. Есептеу нәтижесі
С# тілінде қолданылатын негізгі мәліметтер типін атаңыз.
Math класында анықталатын негізгі математикалық функциялардың жазылу ережесі қандай?
Мәліметтерді енгізуге және шығаруға қандай компоненттер қолданылады?
Ӛзіндік жұмыс тапсырмалары
Квадраттың қабырғасы берілген. Периметрін табыңыз.
Шеңбердің радиусы берілген. Диаметрін табыңыз.
Кубтың қабырғасының ұзындығы берілген. Кубтың кӛлемін және оның бүйір бетінің ауданың табыңыз.
x және y айнымалыларының кез келген мәндері үшін келесі функцияның мәнін есептеу программасын құрыңыз: z=x3-2,5xy+1,78x2-2,5y+1.
ax+b=0 (a 0) сызықтық теңдеуінің шешу программасын құрыңыз.
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері берілген.Периметрін табыңыз.
Екі бүтін сан берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз.
Екі сан берілген. Олардың модульдерінің арифметикалық және геометриялық ортасын табыңыз.
Төртбұрыштың қабырғалары берілген. Оның периметрін және диагональ ұзындығын табыңыз.
Жазықтықтағы екі нүктенің координаттары белгілі. Олардың ара қашықтығын табу программасын құрыңыз.
Үшбұрыштың тӛбелерінің координаттары берілген. Үшбұрыштың периметрін және ауданың табыңыз.
а нақты саны берілген. Тек кӛбейту амалын қолданып а6 мәнін үш операцияда алу керек.