Зертханалық жұмыс №1. Жұмыстың тақырыбы: Сутегін алу және оның қасиеттерімен танысу. Жұмыстың мақсаты



Pdf көрінісі
бет17/22
Дата19.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197613
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Элементтер химиясы Лаб 2021 (1)

 
 
Зертханалық жұмыс № 10. d топша элементтері 
Жұмыстың тақырыбы: 
Мыс және қосылыстарының қасиеттері 
Жұмыстың мақсаты:
d топша элементтері және қосылыстарының қасиеттерін тану және алу
 
1.Концентрлі және сұйытылған күкірт қышқылында мыстың реакцияласуы 
Бірнеше пробиркаға мыс түйірлерін салып және 5-6 тамшы 2Н қышқыл ерітінділерін қосу, бірінші пробиркаға – 
тұз қышқылын, екінші пробиркаға – күкірт қышқылын, үшінші пробиркаға – азот қышқылын. Реакция көк түске өзгерді 
ма, мыс (ІІ) сапалық реакциясы қайсы.
Концентрлі қышқылдармен тәжірибені қыздырып және қыздырмай 
жүргізу (байқап!). Қай қышқылмен мыс реакцияға түседі? Реакция теңдеуін жазу. 
2.Мыс (ІІ) оксидінің қышқылдармен реакцияласуы 
Екі пробиркаға аз мөлшерде мыс (ІІ) оксиді ұнтағын салып және оған 5-6 тамшы 2Н қышқыл ерітінділерін: тұз 
қышқылы, күкірт қышқылы. Реакция жүруін байқап, реакция теңдеуін жазамыз. 
3.Мыс (ІІ) сульфатының гидратациясы 


Құрғақ пробиркаға мыс (ІІ) ұнтағын салып, бірнеше тамшы су қосамыз. Реакцияны бақылап, түсінің өзгеруін 
түсіндіреміз. Тұз ерігенше дистилденген су қосамыз. Алған ерітіндімізді келесі тәжірибеде пайдаланамыз. 
4. Комплексті қосылыстың түзілуі.
Алдыңғы тәжірибеде алынған мыс купоросын 90
0
С –қа дейін қыздырамыз. Одан кейін ерітіндіге натрий 
хлоридінің кристалын түсі өзгергенше қосамыз.
5. Мыс (ІІ) акваамино кешенінің түзілуі.
Мыс (ІІ) сульфатының қаныққан ерітіндісіне тамшылатып аммиак ерітіндісін тұнба түзілгенше қосады. Түсінің 
өзгеруін түсіндір.
6. Мыс (ІІ) иодидін алу.
Мыс тұзының ерітіндісіне калий иодидінің ерітіндісін қосу. Түсі өзгеріп, тұнба түзілгенше натрий 
тиосульфатын қосамыз. Реакция теңдеуін жазамыз.
7. Мыс (II) гидроксидін алу. 
Мыс (II) сульфаты ерітіндісіне сілті ерітіндісін қосып жақсылап араластырып, қыздырамыз. Тұнба түзілуін 
түсіндіреміз. Реакция теңдеуін жазамыз?
8. Мыс (II) комплексті қосылысын алу. 
3 тамшы мыс сульфатының ерітіндісіне екі тамшы K
4
[Fe(CN)
6
] ерітіндісін қосамыз. Қызыл-қоңыр тұнба 
түзілуін байқаймыз. Тұнбаны сүзіп, кішкене кептіріп 3-4 тамшы аммиак ерітіндісін қосамыз. Құбылысты байқап, 
реакция теңдеуін жазамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет