CaSO 4 · 2H 2 O —> CaSO 4 · ½ 2H 2 O Егер оны сумен араластырса, онда ол суды қайта қосып алады. Ол үшін мынадай тәжірибе жасап көріңдер.Өртелген
ғанышты сұйықтау етіп су қосып, сіріңкенің қорабына салып тегістеп біраз уақыт қойыңдар. Кепкеннен кейін қалыптан
алып, беріктігіне назар аударыңдар. Осы тәсілмен қалыптарға құю арқылы белгілі пішіндер, мүсіндер жасауға болады.
8 - тәжірибе . Кальций және магний тұздарын ажырата білу. Магний хлоридінің 1- 2 мл ерітіндісін пробиркаға құйып,
үстіне бірнеше тамшы күйдіргіш натр тамызыңдар. Ірімшік тәрізді ақ тұнбаның Mg(OH)
2
түзілгеніне назар аударыңдар.
Бұл тұнба сілтіні артық құйса да ерімейді, ол тек аммоний тұздарында ғана ериді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
MgCI 2 + NaOH = Mg(OH) 2 + NH 4 CI = Ал кальцийдің суда еритін тұздарын қымыздық қышқыл аммоний тұздарының көмегімен білуге болады. Ол үшін
мынадай тәжірибе жасаңдар. Кальций хлоридінің 1-2 мл ерітіндісіне бірнеше тамшы қымыздық қышқыл аммоний
тұзының ерітіндісін тамызыңдар. Майда кристалды қымыздық кальций тұнбаға және азот қышқылдарында жақсы
ериді,тек сірке қышқылында ерімейді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
CaCI 2 +(NH 4 ) 2 C 2 O 4 = ә) бұл тұздарды басқа тұздардан ажырата білудің екінші әдісі – жалындарының түсіне қарап табу. Ол үшін
платинадан жасалған сымды не қарындаш өзегін тұз қышқылына содан соң тексергелі отырған металл тұзының
ерітіндісіне батырыңдар. Кейін оны спирт шамының жалынында қыздырыңдар. Кальций тұзының жалыны кірпіш түсті,
ал барий тұзының жалынының түсі жасыл болады, ал магний тұзының түсін жалынына қарап ажыратуға болмайды.