4.3.4. Есептік формаларды құру және олардың МҚ қатынау жасалуы. Есептің жасалуы басқа формалармен қатар қарастыруға болады. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері болғандықтан, оны жеке бөлім ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар, есептің құрылымын тіпті МҚБЖ –дан жеке де қарастыруға болады. Есептік форма құрамында үш түрлі компоненттер бар. Олар есептің кесте түріндегі экрандық формасы және мәтіні, қағаз тасымалдағыштарына шығарылатын есепті шығару, электронды түрде құрылымдалатын есептер.