Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


Экрандық формада МҚ басқару батырмаларын қосу



бет15/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

Экрандық формада МҚ басқару батырмаларын қосу.
Экрандық формада МҚ кестелері бойынша навигацияны қамтамасыз ететін, және оның қалпын басқаратын батырмаларды құруға болады.
Ол үшін, қосымшаға бес TButton (Standard компоненттер палитрасының парағы) батырмаларын қосамыз. Осы компоненттердің аттарын объектілер инспекторын қолданып, өзгертеміз. Сәйкесінше InsertButton, EditButton, DeleteButton, PostButton, CancelButton. Осы батырмалардың атауларын (Caption қасиеті) объектілер инспекторын қолданып өзгертейік, сәйкесінше "Добавить", "Изменить", "Удалить", "Запомнить", "Закрыть" (23-сурет).



23-сурет – Ағымды мәліметтер жиынымен жұмыс істеуге арналған, визуалды компоненттері бар форма


Тышқан көмегімен InsertButton батырмасын таңдап, оны екі рет шертеміз. Автоматты түрде кодты редактрлеу терезесіне көшеміз. OnClick қалпына келесі бағдарлама кодын енгіземіз:


procedure TForm2.InsertButtonClick(Sender: TObject);
begin
DataModule5.Table3.Insert;
end;
Insert тәсілі Table1 мәліметтер жиынын жазуды қосу режиміне көшіреді. Өріс мәндерін енгізілуі DBEdit1, DBLookupComboBox1, DBEdit2 компоненттерімен жүзеге асады. Ол үшін, мәліметтер жиыны dsBrowse режимінде болуы керек.
EditButton басқан кездегі өңдеуді анықтайық:
procedure TForm2.EditButtonClick(Sender: TObject);
begin
DataModule5.Table3.Edit;
end;
Edit тәсілі Table1 мәліметтер жиынын жазбаны қосу қалпына келетіреді. Өріс мәндерін енгізілуі DBEdit1, DBLookupComboBox1, DBEdit2 компоненттерімен жүзеге асады. Ол үшін, мәліметтер жиыны dsBrowse режимінде болуы керек.
DeleteButton батырмасынын басылу нәтижесін анықтайық:
procedure TForm2.DeleteButtonClick(Sender: TObject);
begin
IF MessageDlg('Подтвердите удаление записи', mtConfirmation,[mbYes, mbNo],0) = mrYes THEN DataModule5.Table3.Delete;
end;
Егер Table1 мәліметтер жиыны жазбаларды қарап шығу dsBrowse режимінде болса, сұхбат терезесі шақырылады (егер MessageDlg функциясы орындалға болса); егер пайдаланушы Yes батырмасын шертсе, ағымды жазбаның Table1 мәліметтер жиынынан өшірілуі пайда болады.
PostButton басылу нәтижесін қарастырайық:
procedure TForm2.PostButtonClick(Sender: TObject);
begin
DataModule5.Table3.Post;
end;
Егер мәліметтер жиыны жаңа жазбаны қосу немесе түзету режимінде болса, онда Post берілгендер тәсілінің орындалуы жүргізіледі. Ол МҚ кестесіндегі ағамды күйін еске сақтайды. Еске сақталғаннан кейін, мәліметтер жиыны қарап шығу режиміне dsBrowse көшеді.
CancelButton батырмасынын басылу нәтижесін анықтайық:
procedure TForm2.CancelButtonClick(Sender: TObject);
begin
close;
Form1.Visible:=true;
end;
Егер мәліметтер жиыны жаңа жазбаны қосу немесе түзету режимінде болса, онда Cancel берілгендер тәсілінің орындалуы жүргізіледі. Ол МҚ кестесіндегі жазбаның еске сақталуын болдырмайды және мәліметтер жиынын қарап шығу режиміне ауыстырады да мәзір формасына көшеді.
Мәліметтер жиынын жазбаның қосылу немесе өзгерту режиміне ауыстыруға болмайтындай ету үшін, сонымен қатар DBGrid1 компонентінен жоюға болмайтындай ету үшін, DBGrid1.ReadOnly қасиетін True мәніне орнатамыз. Содан соң, қосымшаны іске қосамыз. Жазбаларды өзгертуге немесе басқа жазба жазу үшін, DBEdit1, DBEdit2 компоненттеріне енгізуге және DBLookupComboBox1 компоненті тізіменен мәнді таңдау негізінде қолданылады (24-сурет).



24-сурет – Жаңа жазбаны қосу


Жазбаны өзгерту кезінде де солай болады. Жазбаны жойған кезде, сұхбаттық терезе пайда болады (25-сурет).





25-сурет – Жазбаны жою жөніндегі қолдау






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет