2.Property DataSet: TdataSet. Ол есептің құрылуы негізіндегі мәліметтер жиынына көрсетіледі. Әдетте есеп беру үшін, бір мәліметтер жиыны қолданылады.
Егер МҚ бірнеше кестесінен байланысқан ақпаратты шығару керек болса, оны SELECT операторы көмегімен бір МЖ-на қосады. Бұл жағдайда МЖ ретінде есеп беру үшін TQuery компонентін қолдануға болады. Бірнеше байланысқан МЖ-ның ақпаратын есеп беруге қосуға болады. Бұл жағдайда МЖ есебі ретінде Master-жиын көрсетіледі, ал бағыттау Detail-жиынына сәйкесінше TQRSubDetail компонентінде жүзеге асырылады.
Егер есеп беруге байланыспаған мәліметтер тобының ақпаратын қосу керек болса, онда композициялық есеп берушілер қолданылады, яғни басқа есеп берушілердің тобынан құралған.