Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


Б. МҚ құрамын бейнелеу үшін, экрандық форманың құрылуы



бет11/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

Б. МҚ құрамын бейнелеу үшін, экрандық форманың құрылуы
1) МҚ –ның бір кестесінің құрамын экрандық формада бейнелеу.
Ең алдымен, қарапайым форманы құрамыз, ол МҚ-ның тек бір ғана кестесіне қатынау керек.
View|Forms мәзір жарлығының элементті таңдау жолымен, №3 формаға көшеміз, сұхбаттық терезеден Form3 таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Формада TDBGrid компонентін компоненттер палитрасынан (Data Controls парағы) алып, орналастырамыз. Алдымен TDataModule бейнеленген, №3 форманың unit мәтін модуліне Unit5 модуль атын қосып, TDBGrid компонентінің DataSource қасиетін DataSource1 (бұл жоғарыда бізбен құрылған TdataSource компонентінің аты, Delphi-мен өздігімен аталған болған) мәніне орнатамыз. TDBGrid компоненті мәліметтер жиынының бейнеленуін кестелік түрде көрсетуге арналған.
Формаға TButton (компоненттер палитрасының Standard парағы) компонентін қосымыз, осы компонентке объектілер инспекторын қолданып, CancelButton атауын (Name қасиеті) береміз. Батырманың үстіңдегі жазбасын (Caption қасиеті) Отмена –ға өзгертеміз.
Құрылымдалып жатқан форманың түрі 17-суретте бейнеленген.



17-сурет – Құрылымдау кезеңіндегі форма түрі


Батырманы басқандағы, бағдарлама орындалатындай етіп, батырманы кодпен байланыстырамыз. Осы жағдайды өңдеу процедурасын - OnClick құру үшін, формада орналасып, тышқанмен Отмена батырмасына екі рет шертеміз. Пайда болған OnClick өңдеу процедурасындағы кодты Түзету терезесінде келесі кодты енгіземіз:


Сlose;
Form1.Visible := True;
Қосымшаны іске қосамыз. Ол үшін, Run мәзірінен Run жарлығын таңдаймыз (немесе F9). Файл/Ввод мәзірінен Просмотр жарлығын таңдаймыз.
Жұмыс істеп жатқан қосымшаның сыртқы түрі 18-суретте бейнеленген.



18-сурет – №3 форманың жұмыс істеп жатқан кездегі түрі


Мәліметтер жиынына жазбаларды қосуға TDBGrid-тің өзінен болады.
Жазбаларды қосу үшін, пернетақтадан Insert пернесін шерту керек. Егер мәліметтер жиынының соңғы жазбасында болсаңыз, онда «төмен бағытталған» бағытқа шерту керек. Мәліметтер жиыны жаңа жазбаны қосу режиміне автоматты түрде өтеді. Жазбаны енгізгеннен кейін, оны сақтау үшін меңзерді басқару пернелерімен басқа жазбаға өту жолымен қолдануға болады. Жазбаларды сақтаудан бас тару үшін, Esc батырмасын шерту арқылы жүзеге асады.
Жазбаны өзгерту үшін, ағымды жазбаның көрсеткішін қажетті орынға қойып, керекті жерлерде өзгертулерді енгізу. Мәліметтер жиыны өзгерту режиміне автоматты түрде көшеді.
Жазбаны жою үшін, оны ерекшелеп Ctrl+Del пернелер жиынын шерту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет