2.2) МҚ кестелерінің байланысын ескере отырып, оларды экрандық формаға шығару, яғни олардың арасындағы Master-Detail байланысының орнауы.
Materialy.DB және Prihod.DB кестелері бір-біріне «бірдің –көпке» байланысына сай келетіні бізге мәлім. Біз кестелер арасында сілтемелік тұтастылық анықтағандықтан, Table1 (Materialy.DB) кестесінің жазбасына көрсеткішті орнатқан кезде, Table2 (Prihod.DB) кестесінің тек бір ғана ағымды жазуы пайда болғандай жасауға болады. Бұл Master-Detail мәліметтер жиынының байланыс механизмі арқылы жүзеге асады.
Таblе2 компоненті үшін, объектілер инспекторында Master Source қасиетін DataSource1 мәніне орнатамыз. Master Fields қасиетінің мәніне көшеміз де, батырмасын шертеміз. Пайда болған Field Link Designer терезесінде байланыс параметрлерін орнатамыз. Available Indexes өрісінде ағымды индекс ретінде 'Material' жолы бойынша таңдаймыз. Detail Fields тізіменен Material өрісін таңдаймыз, Master Fields тізімінен Material өрісін таңдап, Add батырмасын шертеміз. Joined Fields жолында 'Material Material' деген өрнек пайда болады (21-сурет). ОК батырмасын шертеміз.
21-сурет. MasterFields қасиетінің мәнін орнату терезесі
Таblе2 компонентінде ағымды индекс (FieldIndexNames қасиеті), 'Material' өрісі бойынша құрылған индексіне ауыстырылған.
Енді Table2 мәліметтер жиынында тек материалдың келіп түсі бойынша жазбалар көрсетіледі. (22-сурет).
22-сурет – Master-Detail байланысы – бағынышты мәліметтер жиынында тек қана бағыныңқы жазулар көрсетіледі
Достарыңызбен бөлісу: |