Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру



бет9/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс

4.3. МҚБЖ құрылуы
4.3.1. TDataModule контейнерінің құрылуы
Экрандық форма мен МҚ байланысы визуалды емес компоненттер деп аталатын арнайы компоненттермен қамтамасыз етіледі. Бұл элементтер құрылымдау режимінде ғана көрінеді, ал жүйенің жұмыс істеп жатқан режимінде экранда көрінбейді.
Егер МҚБЖ бір экрандық формадан құралса, онда визуалды емес компоненттерді сақтауға арналған контейнер түріндегі арнайы қойма керек емес. Ондай жағдайда, визуалды емес компоненттерді экрандық формада орналастыруға болады. Экрандық формалар көп болған жағдайда, және олардың әрқайсысы МҚ-ға қатынау жасауы керек болса, қатынау келесі түрде жүзеге асады:
Барлық экрандық және есептік форма МҚ үшін қатынау (байланыс) керек. Егер МҚБЖ бірнеше формадан құралған болса, олардың МҚ-ға қатынасы екі тәсілмен жасалады:

    1. МҚ-ға әрбір форманың (және оның компоненттеріне) қатынауын басқа формаларға тәуелсіз, автономды түрде жасауға болады.

    2. Екінші тәсіл бойынша, МҚ-ға әрбір форманың қатынау жасауды қайталамауды ұсынады, ал барлық экрандық және есептік форма үшін арнайы TDataModule типті компонент арқылы бірыңғай рұқсаттаманы ұйымдастыру. TDataModule типі компонент өз кезегінде МҚ-ға қатынау жасау үшін арналған TTable, TQuery, DataSource визуалды емес компоненттерді кірістіруге болатын контейнерді бейнелейді. Онда МҚ-ға рұқсаты қажетті формалар TdataModule компоненті арқылы рұқсаттаманы алады.

Сонымен, МҚБЖ-мен жұмыс жасау үшін, TdataModule типті компонентті құру керек.
Delphi ортасындағы TdataModule экземплярының жасалуы File|New Data Module мәзір пункті арқылы жүзеге асырылады.
TDataModule комоненті мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін, компоненттер контейнері болып істейді. Delphi компоненттері палитрасында Data Access парағында тышқанмен визуалды емес ТТаblе (16-сурет) компонентінен шертіп, содан соң тышқанмен контейнерде шертеміз. Осыдан кейін, компонент бейнесі контейнерде қалады.





16-сурет – Delphi компоненттерінің палитрасы


TTable (басқа да компоненттерді, мысалы TQuery, TDataSource) визуалды емес болып аталады, себебі мәліметтерді сақтау және мәліметтерге қатынау үшін, ал компоненттердің визализациялануы үшін емес, ол мақсаттар үшін, визуалды компоненттер (TDBGrid, TEdit және басқалар) қолданылады.
Біз TTable компонентін орналастырып болған соң, оның қасиетін орнатамыз. Бұл мақсат үшін, біз формадан сол жақта орналасқан объектілер инспекторын (Object Inspector) қолданамыз. Егер ол көрінбесе, оны F11 пернесін шерту арқылы шақыруға болады. Объектілер инспекторы тышқан арқылы ерекшеленген компоненттің қасиетін орнатуға мүмкіндік береді. Ttable компонентін тышқан көмегімен ерекшеп аламыз.
DatabaseName (МҚ псевдонимі) мәнінің қасиетін пайда болған тізімнен немесе өздігімен теріп PRIMER –ге орнатамыз. TableName мәнінің қасиетін (МҚ кестесінің аты) Materialy.DB орнатамыз, ол пайда болған тізім арқылы таңдалады. Active мәнінің қасиетін True қыламыз. Осыдан кейін, TTable (өздігімен, Ttable1 атына ие) компонентінің Materialy.DB кестесімен байланысы басталады.
TTable және TQuery компоненттері жинақталған мәліметтерді сақтау үшін қызмет етеді. Жинақталған мәліметтердің ұғымы МҚ кестесінің түсінігінен біршама кең болып келеді. Себебі жинақталған мәліметтер құрамына:

  • МҚ-ның көптеген жазбалары немесе жолдары кіруі мүмкін (TTable, Tquery компоненттері);

  • МҚ-ның бірнеше кестелерінен құрылған жазбалар (Tquery компоненті);

DataModule контейнерінде TDataSource компонентін орналастырамыз. Ол визуалды және визуалды емес компоненттер (в данном случае Table1) арасындағы байланыстарытын звено ретінде қызмет етеді. Сондықтан TDataSource компоненттерін мәліметтер көзі деп жиі атайды. TDataSource компонентінің DataSet қасиетін пайда болған тізім арқылы Table1-ге орнатамыз.
TDataModule-ді кез-келген бір атпен (өздігімен ол Unit5.pas) атаймыз. TdataModule бейнеленген Unit модулінің аты осы TdataModule-де орналасқан, МҚ-да және TDataSource-те қолданылатын басқа формалардың барлық Unit модулінің мәтініне қосылады. Ол Delphi ортасының бас мәзірінде File|Use Unit элементінде жүргізіледі.
Ары қарай мәліметтер топтамасының деректерімен жұмыс істейтін визуалды компоненттер dataSource қасиетінде сәйкес TDataModule –ден TDataSource компоненттің атын құрау керек. Сонымен қатар, аты құрама болып келеді: алдымен TdataModule компонентінің аты, содан соң нүкте арқылы - TDataSource компонентінің аты, мысалы TdataModule. TdataSource.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет