Зертханалық жұмыс №1 «Қойма» деректер қорын басқару жүйесін құру


Экрандық формалардың құрылуы, олардың МҚ – на қатынау жасалуы және мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру (қарапайым нұсқасы)



бет10/100
Дата06.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#53051
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100
Байланысты:
БД-зертханалық жұмыс
БД-зертханалық жұмыс
4.3.2. Экрандық формалардың құрылуы, олардың МҚ – на қатынау жасалуы және мәліметтерді өңдеуді ұйымдастыру (қарапайым нұсқасы)
А. МҚБЖ мәзірі үшін, экрандық форма құрастырылуы.
№1 формаға (View|Forms мәзір элементі) көшейік, сұхбаттық терезеден Form1 таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Формада Standard парақшасындағы MainMenu компонентін орналастырамыз. Содан соң, мәзірді өңдеу құралын шарықамыз (оны екі тәсілмен жасауға болады):

  • №1 формасының ішінде MainMenu компонентін екі рет шерту;

  • Формадағы компоненттің ерекшеленген кезінде Object Inspector терезесіне көшеміз. Items қасиетін шертіп, батырмасын шертеміз.

Form1.MainMenu1 (бұл MainMenu1 компонентін орналастырғаннан кейін, атау өздігімен шығады) мәзірдің конструкторында тұрып, мәзір пункттеріне (Object Inspector-дегі Caption қасиеті) атауларды береміз «Файл/Ввод/Просмотр/Отчет/Выход». Келесі деңгейге өту үшін <Enter> пернесін шертеміз. Мәзір пункттерінің жеке топтарға визуалды бөлу үшін, Отчет –тен кейін, бірнеше минус (-) таңбаларын қолданамыз, оның атуын қоюға міндетті емес. «Ввод» мәзір пункті үшін, «Название материала/Поступление материала» мәзірастын құрамыз. Ол үшін оны шертіп, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз, пайда болған терезеден Create Submenu пунктін таңдаймыз.
Енді, мәзір құрылып болған соң, әрбір пунктпен мәзір кодын байланыстыруға болады, ол берілген пунктті таңдан соң әрекет етеді. Осы жағдайдың өңдеу процедурасын - OnClick құру үшін, мәзір конструкторында орналасып, мәзір пунктінде тышқанмен екі рет шертеміз. Пайда болған код Түзетушісі терезесінде OnClick оқиғаларды өңдеу процедурасын кодты жазамыз, ол осы пункт таңдалған кезде әрекет етеді. Дәл осындай нәтижеге процедураның өңделу атында тышқанмен шерту көмегімен жетуге болады, ол Object Inspector терезесінің Events парағында орналасқан.
Мысалы, Просмотр пунктіне келесі кодтыенгіземіз:
Form1.Visible := False;
Form3.Visible := True;
Поступление материала мәзір элементі:
Form1.Visible := False;
Form2.Visible := True;
Выход мәзір элементі: Сlose;
File|Save Project As мәзір элементін таңдап, жобаны сақтаймыз. Алдымен, жоба формасының аты сұранылады (бізде бес форма, олардың аттары Form1 Form4, DataModule5). Формаларды 'Unit*.pas' аттарымен сақтаймыз. Содан соң, жоба аты сұранылады. Жобаны 'appl.dpr' атымен сақтаймыз.
№1 форманың unit модулінің мәтініне модульдердің аттарын Unit2 және Unit3 қосамыз.
Осыдан кейін, қосымшаны орындаймыз. (Delphi ортасынан шықпай-ақ қосымшаны іске қосу үшін, F9 батырмасын басу керек.) Қосымшаны құрып, оны Delphi ортасынан жеке іске қосу үшін, Ctrl+F9 батырмаларын басып, .ехе кеңейтілуімен және атымен құрылған файлды іске қосу. Біздің жағдайда 'appl.exe' файлын іске қосу керек.
Жұмыс істеп жатқан қосымшаны Run|Program Reset жарлығымен тоқтатуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет