Бөлшек-кестенің құрылымдалуы.
Екінші кестенің «Материалдардың келіп түсуі» құрылымын анықтаймыз (8-сурет), ол бөлшек-кесте болып табылады.
8-сурет – Prihod кестесінің құрылымы
Осы кестені құрылымдау тәсілі біріншісіне біршама сай келеді. Бірақ келесі ерекшеліктерінен басқа.
N_Prih өрісінен басқа, себебі ол өріс автоинкрементті болып келеді, барлық өрістерге, Required (оны МҚ-да сақтау кезіндегі мәндердің міндетті түрде берілу талабы) атрибутын белгілейміз.
«Келу мерзімі», «Материал» өрістері бойынша индекстерді құрамыз. Ол үшін Table Properties комбинацияланған индексте (терезенің жоғарғы оң жағында) Secondary Indexes элементін таңдаймыз. Содан соң, сұхбаттық терезе 9-суретте бейнеленген түрге ие болады.
9-сурет – Терезенің оң жағында Secondary Indexes элементі пайда болды.
Жаңа индексті анықтау үшін, Define пернесін шерту керек. Пайда болған сұхбаттық терезеде Fields өрісінде бізбен анықталатын кестенің өрістер тізімі болады. Index Fields өрісі құрылып жатқан индекс құрамына кіретін өрістерді сақтау үшін арналған. Fields тізімінен Index Fields тізіміне нақты жолды көшіру үшін, оң бағыты бейнеленген батырманы шерту керек. Тізімге қосылу тізбегі маңызды, ол тізімде орналасы ретін анықтайды. Керек жолдарды Index Fields тізіміне кірістірген кейін (10-сурет), ОК батырмасын шертеміз.
10-сурет – Индекс құрамына кіретін жолдардың анықталуы
Пайда болған терезеде индекс аты сұралынады (11-сурет). Атауды енгізіп, ОК батырмасын шерту керек.
11-сурет – Индекстің сақталу терезесі
Индекс атауын тек жолдың атымен ғана атауға ұсынылмайды, себебі ондай тәсіл кестелер арасында тұтастылықтың сілтемесін құрған кезде автоматты түрде қолданылады.
12-суретте көрсетілгендей, жаңа индексті қосқаннан кейін, оның аты индектер тізімінде пайда болады.
Кейін, индекс атынан шертіп оны жоя (Erase батырмасы) немесе өзгерте (Modify батырмасы) аламыз.
12-сурет – Prihod кестесі үшін анықталған индекстер тізімі
Құрылған кестені Prihod атымен сақтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |