Қосымшаны жобалау кезінде сұраныстарын пайдалану.
Мәліметтер қорымен жұмыс істеген кезде оған сұраныс ұғымы қолданылады. Сұраныс ұғымына мәліметтер қорынан ақпаратпен бірге белгілі бір қызмет жасау кіреді. Сұралған шартқа сәйкес мәліметтерді таңдауға болады және қорытындыны – таңдау сұранысын шығаруға болады. Мәліметтер қорында сәйкес сұранысларды қолданып, белгілі бір жазбаларды қоюға, жоюға, жаңартуға болады. Осындай талаптар бағдарламалаудың аранайы QBE және SQL тілдерінде құралады. SQL делфиде кең таралған, оны мәліметтер қорының жұмысы үшін қосымшаны жасау кезінде қолдануға болады.
SQL –сұранысы
SQL тілінде бірнеше сұраныстарды жасауға болады:
- мәліметтерді таңдау сұранысы;
- қосымшаға сұраныс;
- жаңартуға сұраныс;
- жоюға сұраныс.
SQL –сұраныс, DBD көмегімен жасалған, кеңейтілген sql файылында орналасады. SQL тілінде әрбір сұраныс бірнеше бөліктен тұрады, олар белгілі бір кейінге сақталған сөзден басталады. Сұраныстарды жазу кезінде бас әріптер сияқы кішкентай әріптерді де қолдануға болады. Ақпаратты әртүрлі тәсілмен жолдарға орналастыруға болады, бірақ белгілі бір мағынасы бар ақпаратты жеке жолдарға орналастырған жөн. Сөздерді, идентификаторларды, сандарды, жолдарды және т.б. операцияларды бөлу үшін пробелды қолданған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |