TQRPrinter классы TPersistent классының тармаға болып табылады. Бұл кластың компоненті көрінбейтін болып табылады. Бұл объектінің данасы қосымшаны орындау кезінде автоматты түрде құрылады және QuickRep компонентінің болуынсыз пайдаланыла алады. TQRPrinter атына ие бұл объект есепті құруды, алдын ала қарауды, басуды, сонымен қатар файлда есепті сақтауды және онымен әрі қарай жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Негізінен бұл қызметтер мен мүмкіндіктер есепті қарау бойынша, TQRPrinterкласымен қамтамасыз етілген, QuickReport 2.0 пайдалануды алдын ала қару үшін стандартты формада ұсынылған.
Есеп бейнелeген бұл форманы бірнеше тәсілдермен шақыртуға болады. Есепті жобалау кезінде QuickRepкомпонентін таңдап, содан кейін тышқанның оң жақ кнопкасын басып, шыққан мәзірден Preview командасын таңдаймыз. Есепті қарау стандартты терезеде көріну үшін қосымшаны орындау кезінде Preview тәсілін қолданған жөн. Стандартты терезеде барлық қызметтер кнопкалық панельдің көмегімен жүзеге асырылады.
Беттердің санын көрсететін көрсетілген бет нөмірінің индикаторы қараудың стандартты терезесінің жолында орналасады. Сол сияқты есептің қалыптасу процесінің индикаторы да көрінеді. TQRPrinter классы бірнеше қосымша қасиеттерді, тәсілдерді анықтайды, бірақ біз оларды қарастырмаймыз.