Жұмыс барысы:
1-
Тапсырма
:
Әсемдік ағаш – бұта түрлерін желектеріне қарап анықтау.
2-
Тапсырма:
Гербарийлік үлгілер бойынша ағаш –бұта түрлерініңгүлдері,
жапырақтары, жемістерінің әсемдігін суретке салу.
3-
Тапсырма:
Қайың, қарағай, терек, тал, көк терек және басқалардың діңдеріне
сипаттама беру, қабықтарын суретке салу.
Ағаш өсімдіктерінің сәндік ерекшеліктері
Өсімдіктердің әсемдігі сыртқы белгілердің жиынтығымен айқындалады: оған
желегінің формасы мен көлемі, жапырақтардың құрлымы мен бояуы, гүлдер мен
жемістердің көлемі және бояуының түсі және түрлердің тұқым қуалаушылығына,
сондай-ақ сыртқы жағдайларға да байланысты болады. Жасы жеткен екпелерде мұны
ағаштың діңі мен көлемінен көруге болады.
Биіктігіне байланысты ағаштар мен бұталар мынадай топтарға бөлінеді: 1-ші
шамадағы ағаштар биіктігі 25 м асатын; 2- ші шамадағы ағаштар-биіктігі 15 тен 25м
дейін; 3-ші шамадағы ағаштар10 –нан 15 м дейін; 4-ші 10м төмен.
Биік бұталар -2,5 м; орта биіктіктегі бұталар 1-2м; аласа бұталар 0,5-1 м.
Бір ағаштардың діңі төменгі жағынан жоғарғы жағына қарай күрт жіңішкереді
неме се қисық болып келеді, басқаларда толық діңді және түзу болады. Бұл тек қана
ағаш түрінің биологиялық ерекшелігіне ғана емес, сонымен бірге өсу ортасының
жағдайына да байланысты. Мысалы, аллеялық отырғызуларға арналған салпыншақ
қайыңның діңі түзу және жоғары қарай бағытталған желегі болуы міндетті. Ашық
газондарда немесе қою түсті қылқан жапырақтылар тұқымдастарының қасында қайың
көпдіңді болса, ол біршама көрікті болып көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |