Dreamweaver бағдарламасындағы гиперсілтемелер,
кестелер, суреттер.
Жұмыстың мақсаты: Adobe Dreamweaver бағдарламасында гиперсілтемелер, кестелер құруды, суреттермен жұмыс жасауды үйрену.
Қысқаша теориялық мағлұматтар:
Гиперсілтемелер құру
Dreamweaver редакторында сілтеме құру үшін қажетті мәтінді немесе суретті ерекшелеп Hiperlink батырмасын басу керек немесе қасиеттер тақтасындағы Link өрісіне өтетін файлдың URL адресін көрсету керек. Егер бұл ішкі сілтеме болса, онда өту адресін Browse for File құралы көмегімен көрсету керек «ол жанында орналасқан батырма арқылы шақырылады). Ашылған сұхбаттық терезеден қажетті файлды таңдау керек. Ал егер бұл сыртқы сілтеме болса, онда оның толық URL адресін көрсету керек.
Сурет-4.2.1. Hiperlink батырмасы арқылы сілтеме құру
Сурет-4.2.2. Қасиеттер тақтасындағы сілтеме құру өрісі
Кестелер құру және форматтау
Dreamweaver бағдарламасына кестені қосу үшін объектілер тақтасынан Table батырмасын басу керек немесе Insert=>Table командасын қолдану керек.
Сурет-4.2.4. Table сұхбаттық терезесі Кесте құрылғаннан кейін оны толтыруға, параметрлерін өзгертуге болады. Ол үшін кестені алдымен ерекшелеп алу керек, сонда оның қасиеттер тақтасы пайда болады.
Сурет-4.2.5. Кестенің қасиеттер тақтасы
Суреттермен жұмыс жасау
Dreamweaver бағдарламасының көмегімен беттерге GIF, JPEG, PNG суреттерін оңай кірістіру болады. Сондай-ақ суреттерді кестеге, объектіге және т.б. қоюға болады.
Содан соң Table сұхбаттық терезесі пайда болады, онда кестенің қажетті параметрлерін орнату керек.
Құжатқа бейнені кірістіру үшін объектілер тақтасындағы Images батырмасын басып, ашылған тізімнен Image немесе Insert=>Image командасын таңдау керек. ашылған сұхбаттық терезеден графикалық файлды (GIF, JPEG немесе PNG форматындағы) таңдау керек. Егер бейнені ерекшелеп алса, онда қасиеттер тақтасында оның қасиеттері пайда болады. Қажетті баптауларды өзгерту арқылы өзгерістер енгізуге болады.
Сурет-4.2.7. Графикалық объектінің қасиеттері Тапсырма. Мәтінге гиперсілтемелер орнату, кесте құру, сурет кірістіру керек. Ол үшін:
1) Адыңғы сабақта сақтаған өз бумаңыздағы Сабақі файлын ашыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |