ТАПСЫРМАЛАР
1. Бірінші бөлімдегі 3-1 мысалды Блокнот программасында теріп, оны 3-1 мысал.htm деп сақтап алып, нәтижесін Internet Explorer программасы арқылы көріңдер де, келесі өзгерістерді енгізіңдер:
а) сырғымалы жолдардың биіктігін ауыстыру;
ә) бірінші сырғымалы жолдағы мәтін түрін қызылмен, екінші жолдағы мәтін түрін – көкпен бояу;
б) абзацтан кейінгі көлденең сызықтарды әртүрлі түстерге бояу, оның қалыңдығы мен ұзындығын өз қалауларыңша өзгерту керек.
2. 2.1-бөлімдегі 3-2 мысалды жоғарыдағыдай етіп теріп алып, оның нәтижесін Internet Explorer-де қарап әр қатарға өз топтарыңдағы оқушылардың аттарын енгізу керек.
2.2-бөлімдегі 3-3 мысалды алып, нәтижесін қарап, әр қатарға өз топтарыңдағы оқушылардың фамилиясын тізіп жазып, онан кейін қалыңдықтары және түстері әртүрлі болып келген, ұзындықтары да өзгермелі көлденең сызықтар жүргізу қажет.
2.3-бөлімдегі 3-4 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға инженер, дәрігер, бухгалтер мамандықтарына түсінік беріңдер.
2.3-бөлімдегі қысқаша анықтама беретін 3-5 мысалды алып, нәтижесін көріп, әр жолға топ оқушыларының аттарын жазып және оларға “оқу озаты”, “дарынды бала”, “көрікті бойжеткен” сияқты қысқаша анықтамалар беріп, қосымша мінездемелер жазу қажет.
2.4-бөлімдегі 3-6 мысалды алып, ондағы мәтін фрагменттерін өз қалауларыңша өзгертіп түрлендіріңдер.
Бақылау сұрақтары
Сырғымалы жолдар қалай ұйымдастырылады?
Суреттік бейнелерді сырғытуға бола ма?
Сырғымалы жолдар жасау тәгінің қандай атрибуттары бар, олардың мәндері неге тең бола алады?
Сырғымалы жолды екі бағытқа да кезектестіре отырып жылжытуға бола ма?
Сырғыту жылдамдығын қалай өзгертеміз?
Жолды жоғары, төмен сырғытуға бола ма?
№2 тапсырма (зертханалық жұмыс)
Достарыңызбен бөлісу: |