Зертханалық ЖҰмыс №1 тапсырма (зертханалық жұмыс) тапсыру мерзімі: апта, балл Сырғымалы жолдарды және тізімдерді ұйымдастыру


NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы: BORDERCOLOR



бет7/35
Дата13.11.2022
өлшемі1,49 Mb.
#157933
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35
Байланысты:
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1

NORESIZE атрибуты фрейм көлемі тұрақты болып, оның өзгермейтінін көрсетеді. Мысалы:
BORDERCOLOR атрибуты және тәгтерінің екеуінде де қолданыла береді. Оның мәні стандартты түс атауларына немесе түстің оналтылық жүйедегі RGB-мәндеріне сәйкес келеді. Мысалы:




Мұнда тәгінің BORDERCOLOR атрибуты жақтау­лар­ға қызыл түс тағайындайды, ал тәгінің осындай атрибуты күлгін түс (#FF00FF) береді. Осылардың нәтижесінде екінші кадр түсі толық анықталмай қалған, сондықтан оның бірінші кадрмен жанасатын шекарасы күлгін түсті, ал басқа жағы – қызыл түсті болып қалады.
Егер екі кадрдың әрқайсысында өз BORDERCOLOR атрибуттары болса, онда ол екеуі де әсерін жояды. Олардың жақтаулары сыртқы FRAMESET тәгінің BORDERCOLOR атрибуты бекіткен түспен боялады.
3.4. Фреймдер арқылы сілтемелер ұйымдастыру
Енді фреймдерді пайдаланып, олардың бірінен біріне ауысу мүмкіндіктерін қарастырайық. Фреймдерді шығарудағы ең негізгі ой – олардың ішкі мазмұндарын автоматты түрде ауыстырып отыру болатын.
Фреймге гиперсілтеме жасау үшін оған ат қойылуы керек. Ат қою тәгінің NAME атрибуты арқылы жүзеге асырылады.
NAME= frame1 – фреймге, яғни кадрға frame1 деген ат қойылады.
TARGET= frame1 – frame1 деген аты бар фреймге гиперсілтеме жасалатындығын көрсетеді.
Мысалы, жолы алдыңғы ашылған фреймге "frame1" деген ат қояды, бұдан кейін осы фреймге гипермә­тін­дік сілтеме жасау былай орындалады:
бірінші фрейм
мұнда бірінші фрейм сөзін шерткенде, осы frame1 кадрында алғашқы орналасқан файл, яғни М1.htm файлы, first.htm файлымен алмастырылады.
Егер TARGET атрибуты жазылмай қалса, онда first.htm файлы алғашқы сілтеме жазылған кадрға шығады. Сол себепті TARGET атрибуты HREF атрибутында көрсетілген файлды белгілі бір кадрға орналастыру үшін керек. Осы бір кадрда орналасқан файлды екінші бір кадр арқылы басқарып ауыстыру тәсілі сайттардың бірінен біріне көшу ісін жүзеге асыра алады.
Әрбір кадрге ат берілуі тиіс, әйтпесе оған сілтеме жасауға болмайды. Сондықтан ішкі мазмұны өзгертілетін етіп жоспарланған кадрлардың барлығына нақты ат қойылуы тиіс. Кадрлар аттары әріптен немесе цифрдан басталуы керек, ал мағынасы алдын ала берілген кадр аттары төменгі сызықшадан басталады.
Тапсырмалар:

  1. Frame1.html файлын ашып, FRAMESET тәгі арқылы броузер терезесін төмендегі суреттегідей кадрларға бөліңіздер. Оларға суреттер (файлдар) орналастырыңыздар.


2. Index.html деген файл ашып, терезені төрт фреймге бөліңіздер (екі жол және екі бағана), оларға алдын ала ішіне HTML тәгтерімен толықтырылған мәлімет жазылған мынадай файлдардың мәліметін орналастыры­ңыздар: list.html, table.html, image.html және first.html. Одан кейін:
а) list.html файлы орналасқан фреймде міндетті түрде жылжу жолақтары болатын болсын;
ә) table.html файлы орналасқан фреймнің мөлшерін өзгермейтін (NORESIZE) етіңіздер;
б) first.html файлын былай етіп өзгерту керек: image.html файлына жасалған сілтемені таңдағанда, ол first.html файлы тұрған фреймге жүктелетін болсын;
в) image.html файлындағы first.html файлына арналған сурет түріндегі сілтемені шерткенде, first.html файлы жаңа терезеде ашылатын болсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет