Зертханалық ЖҰмыс №1 тапсырма (зертханалық жұмыс) тапсыру мерзімі: апта, балл Сырғымалы жолдарды және тізімдерді ұйымдастыру
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС-1
№10 тапсырма (зертханалық жұмыс) тапсыру мерзімі: 2 апта, 5 балл JavaScript тілі. Объект = тәсілдер + қасиеттер 1. Объект түсінігі Объект — бұл мәліметтер мен функциялар жиынынан тұратын бірыңғай конструкция немесе, JavaScript терминологиясында, қасиеттер мен тәсілдер жиыны. Функция = тәсіл (метод). Айнымалы = қасиет (свойства). Инкапсуляция термині «қара жәшік» ретінде қарастырылатын объектінің ішкі құрылымын жасыру деген сөз. Объектінің қасиеттері белгілі болып саналады, яғни олар - сырттан қол жеткізуге болатын айнымалылар. Бірақ бұл функциялар қалай құрылған, олар қандай алгоритммен жұмыс істейді, ол туралы программалаушыға айтылмайды. Программалаушы немесе объектіні тұтынушы адам объектінің қосымша ішкі функция-лары мен айнымалылары бар ма, олар қол жеткізуге болатын қасиеттер мен тәсілдермен қалай байланысқан, ол жағын білмейді. 1.1. Объект және объектінің бір данасы (экземпляры) Мысалы, нақты телевизор — бұл JavaScript терминологиясында объект емес, ол объектінің бір данасы (экземпляры). Объект болып зауытта нақты өнім шығаруға арналған құжаттамалар комплектісі саналады. Конвейерден шығып жатқан барлық телевизорлар бейнелерінің қасиеттері бірдей және оларды басқаратын тәсілдер де бірдей экземпляр болып табылады. Программалауда да осылай. Объект — бұл шаблон, құжаттар жиыны. Объектінің бір данасы (экземпляры) — ол оның жұмыстық көшірмесі ғана. жүктеу/скачать 1,49 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |