2.5 Карталарды бағдарлау
Картаны бағдарлау – бұл картадағы сызықтардың жергілікті жердегі оларға сәйкес сызықтарға параллельдігін құру деген сөз.
Картаны компастың (буссоли) көмегімен карта сызықтарын жергілікті жердегі сол сызықтардың бағытымен біріктіру арқылы бағдарлауға болады. Берілген жұмысты орындау кезінде компастың көмегімен картаны бағдарлау қажет.
Компастың магниттік нұсқар осі магниттік меридиан бағыты бойынша орнатылатындықтан, ал картада тек ақиқат меридиандар (батыс және шығыс – ішкі жиектер) мен Х осінің (километрлік тордың вертикаль сызықтары) бағыты ғана болатындықтан, жиек бойынша бағдарлау - кезінде δ магниттік бұрылуды, ал километрлік тор бойынша бағдарлау кезінде δ бұрылу мен γ жуықтауды ескерген жөн.
2.5.1 Картаны компас бойынша, оны ақиқат меридианға қою арқылы бағдарлау
Картаны компас бойынша бағдарлау үшін магниттік нұсқардың шамасын және бұрылу белгісін білу қажет. Компасты ақиқат меридианға оның 0° - 180° диаметрі осы меридианға параллель болатындай, ал компас нолі солтүстікке (карта номенклатурасына) бағытталатындай етіп салады.
Картаны компаспен бірге айналдыра отырып, компас нұсқарының солтүстік шеті нольден магниттік нұсқардың δ бұрылуына тең бұрыш шамасына ауытқитындай күйге жеткізеді. Егер бұрылу шығысқа таман болса, онда магниттік нұсқар өзінің солтүстік шетімен нольден шығысқа ауытқуы тиіс. Батыс бұрылу кезінде нұсқардың солтүстік шеті картаны дұрыс бағдарлаған кезде компастың градустық сақинасының нолінен батысқа ауытқуы тиіс.
2.5.2 Картаны компас бойынша, оны километрлік тор сызығына қою арқылы бағдарлау
Картаны компас бойынша бағдарлау кезінде магниттік нұсқардың δ бұрылуын және меридиандардың γ жуықтауын білу қажет. Компасты километрлік тор сызығына қояды да, картаны горизонталь жазықтықта компаспен бірге айналдыра отырып, компас нұсқарының солтүстік шеті градустық сақина нолінен -қа, яғни магниттік нұсқардың бұрылуы магниттік нұсқардың бұрылуы мен меридиандардың жуықтауы үшін қосынды түзетулерге тең бұрышқа ауытқитындай күйге жетеді. Біздің жағдайда бұл түзету төмендегіге тең болып шығады
.
Картаның төменгі жағында келтірілген ОХ осі мен магниттік меридианның орналасу сұлбасы бойынша компас нұсқары нольден қай жаққа ауытқуы керектігін талқылайды. Берілген мысалда компас нұсқарының солтүстік шеті нольден шығысқа 8°34″ бұрышқа ауытқуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |