Жұмыстың барысы: ОЖ баптау. Стандартты бағдарламаларды орнтау. Алдымен Windows-тың қандай жиынтығы сіздің компьютерде орнатылғандығын тексереміз. Ол үшін "Пуск" батырмасын басып, "Настройка" - "Панель Управления" - "Установка и удаление программ" өтіп, "Установка Windows" ашыңыз. Мұнда операциялық жүйенің қажет емес компоненттерін жоюға болады және Windows-ты орнату кезінде орындалмаса, қажет компоненттерді таңдап алуға болады.
Total Commander бағдарламасымен танысу және ондағы батырмалардың қызметін дәптерге жазыңыз.
Егер тапсырмада .txt кеңейтілу аты бар файлдар кездессе, онда оны қажетті каталогтың ішінде Shift+F4 батырмасы арқылы құру керек (my.txt файлы студент туралы келесі ақпараттардан тұру керек: 1) Аты-жөні; 2) туған күні, айы, жылы; 3) отбасы туралы қысқаша мәліметтен; 5) мекен-жайы; spec.txt файлы мамандық туралы келесі мәліметтерден тұру керек: оқу түрі мен оқу мерзімі; мамандықты оқытатын кафедраның аты; алып шығатын мамандық туралы қысқаша мәліметтен).
Нұсқада *.doc кеңейтілу аты бар файл бар болса, онда .doc кеңейтілу атымен 3-4 файлды көшіру керек. Көшірілген файлдардың саны мен жалпы көлемін анықтап жазып қойыңыз.
.txt кеңейтілу аты бар файлдарды іздеп табу керек. Ол үшін батырмасын қолдану керек.