Деректер қорын құру
Файл - Сохранить базу данных как командасы арқылы «Имя файла» жолында деректер қорын сақтайтын жерді таңдап алып, файлға «Кітапхана» атын жазып, «Сохранить» батырмасын басыңыз. Сонда 4.1-суреттегі терезесі ашылады.
4.1-сурет – Microsoft Access-тің негізгі терезесі
Конструктор режимінде кесте құру.
Microsoft Access-тің негізгі терезесі конструктор режимінде кесте, сұраныс (запрос), пішін (форма), есеп беру, парақтар құруға мүмкіндік береді.
Создание мәзірінен Конструктор таблиц таңдаңыз. Таблица1 кестесін белгілеп алып, контекстік мәзірден Сохранить командасын таңдаңыз. Кестенің атын Кітаптар деп беріңіз.
4.2-суреттегідей ұяшықтарға мәліметтерді енгізіңіз. Конструктор режимінде мәліметтер сақталатын кестенің құрылысы беріледі.
4.2-сурет – «Кітаптар» кестесінің конструктор режиміндегі құрылысы
Имя поля – Өрістің аты жазылады;
Тип данных – мәліметтер типі (Текстовые, МЕМО, дата/время логический, денежный, поле OLE, гиперссылка, мастер подстановок) беріледі;
Достарыңызбен бөлісу: |