Зертханалық жұмыс №4 Тақырыбы: Деректер қорының құрылымын әзірлеу, кестелер мен сұраныстарды құру



бет8/12
Дата07.02.2022
өлшемі479,45 Kb.
#91458
түріПрезентация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 4

III. Қорытынды сұранысты жасау
Сұраныстар кестелерден қажетті ақпаратты іріктеп және оларды жаңа өрістерді құру жолымен өңдеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қорытынды есептеулерді де орындайды.
Барлық мәндердің жазбаларының қандай да бір тобындағы сумманы немесе олардың орташа мәнін шығаруға болады және басқа да қорытынды функциялар жиынтығын қолдануға болады.
Іріктемеге арналған сұраныстар сияқты қорытынды сұраныстар да үлгі бойынша сұраныстың бланкілерінің көмегімен дайындалады.
1. Мәліметтер базасының Создание панелін ашыңыз.
2. Конструктор режимінде Сұраныс құру терезесін ашып, Кітаптар кестесін қосыңыз.
3. Үлгі бойынша бланкке Кітаптар кестесінің мынадай өрістерін енгізіңіз: Жанр, Бағасы.
4. Жанр өрісі үшін бойынша сұрыптау енгізіңіз.
5. Работа с запросами – Итоги командасын орындаңыз. Бұл бұйрық бланкісінің төменгі бөлігінде Топтық операциялар жолын құру үшін қажет. Соның негізінде қорытынды есептеулер жасалады. Сұраныс үшін іріктелген барлық өрістер бұл жолда Топтастыру мәнін алады.
6. Жазбаларды топтастыру жүргізілетін өрістер үшін (біздің жағдайымызда Жанр) ашылатын тізімнің өрістегі мәндерді есептеу үшін қорытынды функцияны таңдауға болады. Жанры өрісіндегі Условие отбора жолына роман сөзін енгізіңіз.
7. Бағасы өрісі үшін романдардың түрін анықтау үшін Sum қорытынды функциясын таңдаңыз.
8. Сұранысты Кітап құнын есептеу атауын беріп сақтаңыз. Сұранысты іске қосыңыз және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығына көз жеткізіңіз.
9. Осы сұранысты конструктор терезесінде ашып Бағасы өрісі үшін Avg, Max, Min, Count функцияларын қолданып, нәтижелерін байқаңыз.


4-тапсырма: Формалар құру.
Деректер қорында деректерді көру, жазбалар енгізу, түзету үшін форманы құру керек. Создание – Мастер форм командасын орындаңыз.

4.7-сурет – «Создание формы» терезесі

«Доступные поля» терезесіндегі барлық жолды таңдап, «Выбранные поля» терезесіне жібереміз. «Далее» басып, одан кейін «Готово» батырмасын басамыз.


Сонда Кітаптар кестесі бойынша құрылған форма шығады. Осы тәсілмен Оқырмандар кестесіне және құрылған сұраныстарға әр түрлі үлгідегі бірнеше формалар құрыңыз.


5-тапсырма: Есеп беру (Отчет) құру
Сұраныс жұмысының нәтижелері бойынша алынған базалық немесе нәтижелеуші кестелердің ақпараты бар басылым құжаттарын жасау үшін арнайы нысандар – есептер қызмет етеді. Есептер экранға емес, басып шығаратын құрылғыға (принтерге) мәліметтер шығаруға арналған. Есеп беруді құру пішін құруға ұқсас тәсілдермен орындалады.
Кестелерге және құрылған сұраныстарға әртүрлі үлгідегі бірнеше есеп берулер құрыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет