Кестеге қосымша өріс енгізу. Кітаптар кестесін Конструктор режимінде кестені ашыңыз.
Кесте құрылымы басына жаңа өріс кірістіріңіз. Бұл үшін бесінші өрісті ерекшелеңіз және Insert пернесін басыңыз.
Өріске Жанр атауын енгізіңіз және оның Мәтіндік типін беріңіз.
Сақтай отырып, Конструктор терезесін жабыңыз.
Кітаптар кестесін ашыңыз және әрбір жанр үшін мәліметтер енгізе отырып, оны толтырыңыз. Сақтай отырып, терезені жабыңыз.
3-тапсырма: Сұраныстар құру Сұраныс құру – кестелерден мәліметтер алу үшін және оларды пайдаланушыға қолайлы түрде ұсынуға арналған арнайы құрылым. Сұраныс құру көмегімен мәліметтерді іріктеу, оларды сұрыптау мен сүзгіден өткізу сияқты амалдар атқарылады.