II. Параметрлерлік сұранысты құру Сұранысты іске қосқанда пайдаланушы шекті бағаны өзі бере отырып, кітаптарды іріктеуге мүмкіндік беретін қарапайым сұраныс жасайық.
1. Конструктор режимінде сұраныс құру терезесін ашыңыз.
2. Оқырмандар және Кітаптар кестесін сұраныс терезесіне қосып, келесі өрістерді таңдап алыңыз:
- Кітаптың аты;
- Бағасы;
- Жанры;
- Оқырманның аты-жөні;
- Оқырманның телефоны.
3. Кітап жанры өрістің іріктеу шарты жолында Роман деп енгізіңіз.
4. Өзіндік құн өрісі үшін іріктеу шартын пайдаланушы сұранысты іске қосқанда қажетті мәнді енгізуге ұсыныс алатындай етіп толтыру керек. Мысалы, енгізілген бағадан төмен тұратын романдарды шығару үшін, Бағасыөрісіне <[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасын енгіземіз.
5. Сұранысты Бағасы бойынша таңдау атауымен сақтаңыз.
6. Выполнить батырмасын басыңыз. Экранда Параметр мәнін енгізіңіз терезесі пайда болады.
7. Кестеге толтырған мәліметті қанағаттандыратын кандай да бір санды енгізіңіз, ОКбатырмасын басыңыз, сұраныс нәтижелері бойынша нәтижелеуші кесте қалыптасады. Сұраныс кестесін жабыңыз.
8. Конструктор режимінде сұраныс терезесінде Бағасы өрісіндегі шартты: >[Кітаптың құнын енгізіңіз] жазбасына өзгертіп, сұранысты қайта іске қосыңыз. Сонда енгізілген бағадан жоғары тұратын романдарды алуға болады.
9. Сұраныс терезесін жабыңыз.