зертханалық жұмыс. Диодтар Жұмыстың мақсаты



бет1/2
Дата30.01.2023
өлшемі184,5 Kb.
#166848
  1   2
Байланысты:
Диод Lab 5 1


НГТУ. ФЭН. АЭЭС. Григоркин Б.О. стр. из

5.1 зертханалық жұмыс. Диодтар


Жұмыстың мақсаты: Түзеткіш диодтар және светодиодтардың құрылысымен, әсер ету принципімен, олардың вольт – амперлік сипаттамасымен (ВАС) және негізгі параметрлерімен танысу. Диодтарды модельдеуге арналған файлдар Lab_5_1\Модели папкасында орналасқан.
Негізгі теориялық мәліметтер
Түзеткіш диодтар, екі қабатты жартылай өткізгіш құрылымды қолдану есебінен токты бір жақты өткізу қабілетіне ие. Біріншісі p кестіктік электрөткізгіштікке (негізгі заряд тасымалдаушылар кемтіктер), ал екіншісі - n лектрондық электрөткізгіштікке ие (негізгі заряд тасымалдаушылар электрондар).
p және n қабаттар шекарасындағы аймақта электрон – кемтік ауысуы пайда болады (p n ауысу). Бұл, заряд тасымалдаушылардан кедейлендірілген аймақ. Оның шекараларында контакталық потенциалдар айырымы пайда болады. Сыртқы кернеу, полярлығына байланысты бұл ауысуды ашуы мүмкін немесе негізгі заряд тасымалдаушылардың өтуіне кедергі келтіре отырып потенциалдар айырымын арттыруы мүмкін.
Жартылай өткізгіш диодтың түзеткіштік қасиеттері және оның вольтамперлік сипаттамасы сыртқы кернеу қосылған кездегі p - n ауысудағы процесстрмен байланысты.


1 Диодтың вольтамперлік сипаттамасы

Жартылай өткізгіш диодтың вольтамперлік сипаттамасы 1 а суретте көрсетілген. Диодтың тура тогын негізгі заряд тасмалдаушылар, ал кері тогын негізгі емес заряд тасымалдаушылар тудырады.


Негізгі тасымалдаушылар концентрациясы негізгі емес тасымалдаушылар концентрациясынан әлдеқайда жоғары. Диодтың түзеткіштік қасиеті осымен түсіндіріледі.
Диодтың белгіленуі 1 б суретте көрсетілген. Егер (А) анодқа тура кернеу берілсе немесе (К) катодқа теріс кернеу берілсе диод ашылады. Электр схемаларында «А», «К» белгілеулері қолданылмайды.



1 сурет. Жартылай өткізгіш диод: а – вольт – амперлік сипаттама; б - белгіленуі

Кері кернеу үлкен болған жағдайда p n ауысуда тасымалдаушылардың термогенерациясы артады, кері ток өседі, бұл, температураның артуына және ауысудың жылулық тесілуіне алып келеді.


Процесс көшкін тәрізді өрбиді, өйткені температураның артуы кері токты одан әрі арттырады.
Диодтағы тура және кері токтарды төмендегі өрнектен анықтауға болады:

мұндағы: U – қоректендіру көзінің кернеуі;


UПР – диодтағы тура кернеу;
UОБР – диодтағы кері кернеу.
I ПР, U ПР өлшеу схемалары 2 және 3 суреттерде көрсетілген. Қоректендіруші кернеу полярлығын өзгерте отырып кері токты өлшеуге болады.



2 сурет. I ПР өлшеу схемасы



3 сурет. U ПР өлшеу схемасы


Өлшеу үшін амперметр – вольтметр әдісін қолдануға болады (4 сурет).



4 сурет. амперметр – вольтметр әдәсәмен өлшеу
Вольтамперлік сипаттаманы осциллограф экранынан тікелей көруге болады (схема: 5 сурет, нәтиже: 6 сурет). 1 Ом резистордағы вольтпен берілген кернеу сан жағынан ампермен берілген диодтағы токқа тең болғандықтан, вертикаль ось бойынша тікелей ток мәнін есептеуге болады (В/А осциллографтың жұмыс режимі).



5 сурет. Диодтың вольтамперлік сипаттамасын өлшеу



6 сурет. Диодтың вольтамперлік сипаттамасының бастапқы аймағы


Диодқа берілген кернеу мәні UПР –ден аспағанға дейін диод жабық күйде болады, оның анодындағы кернеу оң болған жағдайдың өзінде.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет