Компоненттер диаграммасындағы компоненттер бағдарламалық кодтың физикалық модулі болып табылады (14.2 сур). Әдетте олар пакеттер диаграммасындағы пакеттерге дәлме-дәл сәйкес келеді (14.1 сур); сөйтіп, компоненттер диаграммасы жүйеде әр пакеттің орындалуын бейнелейді.
Компоненттер арасындағы тәуелділік пакеттер арасындағы тәуелділікпен сай болуы тиіс. Бұл тәуелділіктер бір компоненттердің екінші компоненттермен өзара байланыстарын көрсетеді. Бұл тәуелділіктің бағыты коммуникация туралы хабардар болу деңгейін көрсетеді.
Орналастыру диаграммасы жүйенің бағдарламалық және аппараттық компоненттері арасындағы өзара физикалық байланыстарын көрсетеді. Ол бөлінген жүйедегі объектілер мен компоненттердің орын алмастыру бағытын көрсету үшін жақсы құрал болып табылады.
Орналастыру диаграммасындағы әр түйін есептеу құралының бір түрін– көп жағдайларда аппаратура бөлігін білдіреді. Бұл аппаратура қарапайым құрылғы немесе датчик, сондай-ақ үлкен компьютер болуы мүмкін.
суретте TCP/IP хаттамасы арқылы UNIX-сервермен байланысты дербес компьютер (ДК) бейнеленген. Түйіндер арасындағы қосылыс жүйелік әрекеттесу жүзеге асырылатын коммуникациялық арналарды көрсетеді.
Тәжірибеде бұл диаграммалар жиі қолданыла бермейді. Жалпы, бұл диаграммаларды осы жүйенің ереше физикалық сипаттамаларын бөліп шығару үшін қолдануға пайдалы.
Бөлінген жүйелердің таратылуына қарай бұл диаграммалардың маңыздылығы қайтару.
кесте.Қалып-күйдиаграммаларыныңқұралдартақтасытүймешіктерінсипаттауRationalRose