Зертханалық жұмыс Тақырыбы: Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау. Файлдар және каталогтармен жұмыс. Мақсаты



бет1/4
Дата13.10.2022
өлшемі0,67 Mb.
#152859
  1   2   3   4
Байланысты:
№3 ИКТ лаб TotalCom (каз)


Зертханалық жұмыс


Тақырыбы: Операциялық жүйенің қасиеттерін анықтау. Файлдар және каталогтармен жұмыс.
Мақсаты: Операциялық жүйе түрлерімен танысу, операциялық жүйені орнату, баптау.


Теориядан қысқаша мағлұматтар
Операциялық жүйе ДЭЕМ-нің бағдарламалық құралдарының ажырымас бөлігі болып саналады. Ол әрбір адамға ЭЕМ-нің барлық құрылғыларын басқару мүмкіншілігін береді.
Операциялық жүйе екі негізгі қызметті орындайды:

  1. барлық қолданбалы және жүйелік бағдарламалардың жұмыстарын қолдай отырып, олардың бір-бірімен және ақпараттық жабдықтармен байланыстарын қамтамасыз ету;

  2. әрбір адамға ЭЕМ-ді жалпы басқару мүмкіншілігін беру.

ОЖ-тің негізгі мақсаты – бағдарламалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен байланысуын қамтамасыз ету, ЭЕМ-нің жадысын бөлу, жұмыс кезінде туындайтын әр түрлі оқиғаларды анықтау, жұмыс нәтижелерін қағазға, экранға шығару жолдарын ұйымдастыру, мәліметтерді сыртқы ортадан алу және беру т.б. Операциялық жүйенің негізгі ядросы машина іске қосылған сәттен бастап ЭЕМ-нің жадында болады. Машинаны жалпы басқару үшін ОЖ-нің командалық тілі пайдаланылады, оның көмегімен адам дискіні белгілеу, мәліметтерді көшіру, кез-келген программаны іске қосу, керекті жұмыс режимін орнату сияқты әртүрлі әрекеттерді орындайды.
Сонымен, операциялық жүйе – адам мен компьютердің аппараттық құралдарының арасындағы байланысты ұйымдастыратын бағдарлама немесе өзара байланысқа бағдарламалар тобы. Оның құрамына өзінің командалары және драйверлер – сыртқы құрылғыларды басқару программалары, утилиттер – жұмысты жеңілдететін бағдарламалар және тағы басқалар кіреді.
ОЖ-нің атқаратын қызметін мынандай үш топқа жіктеуге болады:

  1. мәліметтерді енгізу–шығарудың барлық түрлерін ұйымдастыру;

  2. ЭЕМ-нің сыртқы ортамен қатынасын ұйымдастыру;

  3. мәліметтерді сақтау мен өңдеу жұмыстарын атқару.

Ең көп тараған ОЖ түрлеріне MS-DOS (PS-DOS), CDOS, MSX, UNIX және де соңғы кезде кеңінен қолданыла бастаған көп терезелі операциялық жүйелер – WINDOWS программалары жатады .
Қазіргі кездерде стандартты операциялық жүйе ретінде WINDOWS есептеледі, бірақ MS-DOS жүйесінің негізгі қағидалары операциялық жүйелердің барлығында толық пайдаланылады.
Дербес компьютерде ақпаратты сақтаудың негізгі түрлері қатты дисктер, компакт дисктер (CD) және ескірген түрі – дискеттер. Осы түрдегі ақпаратты тасушылар, оларға жазу және олардан ақпаратты оқу тәсілдері әр түрлі, сондықтан, олардағы ақпараттың сақталу түрлері әр түрлі болады. Файлдардың осы тасушыларда қалай сақталатынын білу үшін файлдық жүйелердің негіздеріне тоқталып өтсек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет